Заңға бағынбаған қамыстылық жазаланды
Арқа ауылындағы оқиғаға қатысты Полиция департаменті түсініктеме берді.
Жақында әлеуметтік желілерде Қамысты ауданына қарасты Арқа ауылында полиция қызметкерлерінің бір ер адамды ұстап жатқан сәті түсірілген бейнежазба тарап, көпшіліктің талқысына түскен болатын. Осыған байланысты облыстық Полиция департаменті ресми мәлімдеме жасады.
Анықталғандай, аталған азамат қоғамдық орында масаң күйде болып, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған. Тәртіп сақшылары оны полиция бөліміне жеткізбек болған кезде, ол заңды талаптарға бағынудан бас тартып, агрессия танытқан және қызметтік автокөлікті зақымдаған.
Қоғамдық тәртіпті бұзғаны, билік өкілдерінің заңды талаптарына бағынбағаны және бөтеннің мүлкіне қасақана зақым келтіргені үшін құқық бұзушы сот шешімімен 7 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Полиция департаменті азаматтарға спирттік ішімдіктерді ішіп, қоғамдық орындарда мас күйінде жүруге, сондай-ақ билік өкілдеріне қарсылық көрсетуге қатаң тыйым салынатынын ескертеді.
Кез келген заңсыз әрекет пен құқық бұзушылыққа құқықтық баға беріліп, кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады.
Аудан тұрғындарын қоғамдық тәртіпті сақтауға, билік өкілдерін құрметтеуге және полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын мүлтіксіз орындауға шақырамыз.
Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31
Просмотров: 1