Өңіріміздің Жангелдин, Жітіқара, Б.Майлин аудандарына 45 тонна шөп жөнелтілді
Үстіміздегі жылғы жауын-шашынның дер кезінде болмауынан орын алған қуаңшылық мал өсіріп отырған кейбір аудандардағы ағайындарға оңай соққан жоқ. Осы азаматтық пен іскерлік сыналар шақта «Қиындықта ел бірге» жобасының аясында Қостанай өңіріндегі жанашыр азаматтар да оған өздерінің лайықты үлесін қосты.
Мысалы, облыстағы қолдауға зәру 4 ауданға, көмек беру үшін қыруар жұмыстар атқарылды. Осындай ұйымшылдықтың және ауыз бірліктің нәтижесінде Жангелдин, Жітіқара және Б. Майлин аудандарына 45 тонна 400 келі мал азығы болып табылатын шөп жөнелтілді.
Аталмыш игі шараға 1 млн 351 мың теңге жұмсалып, қостанайлықтар да қиын кезде жерлестеріне көмек беруге әрқашан дайын екендіктерін көрсетті. Оған облыстық мешіттің жанындағы «Зекет» қайырымдылық қоры ұйытқы болды.
– Қиындықта бір-біріне қол ұшын беру ағайынның парызы болса керек. Облысымыздағы 4 аудан мал азығынан қиыншылық көріп отыр дегенді естіп, мешіттегі қайырымдылық қор қала тұрғындарының көмегімен қажетті қаражат жинаған болатын. Міне, осы қаражатқа төрт түлікпен күн көріп отарған жандарға дер кезінде көмек қолын созып отырмыз. Қайырымдылық – қайырымы мол іс екені белгілі. Осы шараға белсене атсалысқан жандарға Алла мол сауабтан жазсын, – дейді облыстық мешіттің аппарат басшысы Қанат Орынтай.
Қиналғанға көмек көрсету имандылықтың белгісі. Бірлігі жарасқан елдің болашағы жарқын болары хақ.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
За два дня участниками традиционной акции по забору донорской крови стали 75 человек, пожелавших внести…
Об этом было завлено на аппаратном совещании акима области. (далее…)
В Камыстинской средней школе № 1 начали формировать агрокласс, который объединит растениеводство, инженерное дело и…
Биыл Жангелдин ауданында мал шаруашылығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ветеринариялық қызметтің қолжетімділігін арттыру бағытында жұмыстар…
Қостанай облысында «Менің аулам – менің бағым» жобасы аясында мектеп аулалары жеміс бағына айналып келеді.…
Торғай өңірінде хирург пен фельдшер мамандарына сұраныс бар. Алдағы екі жылда Тәуіш, Көкалат және Ақшығанақ…
This website uses cookies.