Категории: Без рубрики

Жақсы адам ғана жақсы ұстаз бола алады

Өзінің шебері Дариға Уразалдинова жөнінде

Ұстаз… Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым.

Адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі- Ұстаз. «Ұстаз» деген қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған.

«Ұстаздан тәрбие алған» немесе «ұстаз алдын көрген» деген сөздер құлаққа «ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады. Ұстаз әр адамның жанына білім дәнін сеуіп, әр шәкіртін аялап, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады.

Дәлірек айтсақ, адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді. Кез келген мұғалім ұстаз бола алмайды.

Себебі, ұстаздық өнер – тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез- келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген  де тегін айтылмаса керек.

Қиындығымен қызығы бірге жүретін осынау мамандықтың шынайы иесі болу үшін көп қиындықтардан өтеді. Сондай тұлғаның бірі Қостанай құрылыс колледжінде еңбек етуде.

34 жылдан астам уақытта Дариға Жақанқызы Уразалдинованың құрылысқа еңбегі сіңген. Өзінің еңбек жолын  ол “Қостанайгорсельпроект” мекемесінде инженер-құрылысшы болып бастаған.

Белгілі маман 2002 жылдан бастап білім беру саласында  қызмет атқарып, өз білімі және тәжірибесімен студенттермен бөлісуде. Әр сабағына тыңғылықты дайындалып, студенттерді білім нәрімен сусындатып ғана қоймай, тәлім – тәрбие беру, өмірге икемдеу, адалдыққа баулу, адамгершілік қасиеттерді бойына дарыту бағытында да тындырып жатқан істері ауыз толтырып айтарлықтай.

«Ұстаз болу өз уақытын аямай, өзгенің бақытын аялау» деп ұлы жазушымыз Мұхтар Әуезов айтқандай, уақытпен санаспай балалардың болашағы үшін аянбай жұмыс атқарса, еңбегі еленетіні даусыз.

Қостанай құрылыс колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Дариға Жақанқызы еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсанында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің “Құрметті құрылысшы” төсбелгісімен марапатталды.

Осынау құрметке құрылыс саласында кемінде 10 жыл жұмыс өтілі бар, өзін жан-жақты көрсеткен әрі өз саласының нағыз майталмандары ғана бөленеді.

Оған алдағы уақытта да мықты денсаулық, қызметінде жоғары табыстар тілейміз.

Д. Тастембекова,

Қостанай құрылыс колледжінің бөлім меңгерушісі

admin

Недавние новости

Денисов ауданында пробация есебінде тұрғандар жұмыспен қамтылуда

Денисов ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға кешенді қолдау көрсету жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. (далее…)

2 часа назад

Жительницам Мендыкаринского района Ольге Ивановой и Наталье Сатаевой вручили почетные знаки «Күміс алқа»

Многодетные мамы получили награды за самоотверженность и любовь к детям, заслужив особое признание. (далее…)

2 часа назад

Волонтёры Молодёжного ресурсного центра оказали помощь пенсионеру, проживающему на территории поселка Сарыколь

В зимний период снегопады значительно осложняют передвижение пожилых людей и создают опасность при выходе из…

2 часа назад

КамАЗ со скотом вытащили из кювета в Камыстинском районе

В прицепе грузового автомобиля находились 40 голов крупного рогатого скота. (далее…)

2 часа назад

Патша әскеріне тиесілі пулемет Торғай музейінде сақтаулы

Біз оқырман назарына Торғай мұражайлар кешенінен табылған құнды жәдігердің тарихын ұсынуды жөн көрдік. (далее…)

5 часов назад

Екі елдің ортасында: Қостанай облысының шекара маңы қалай өмір сүріп жатыр және оны неге жоғалтуға болмайды

Ресеймен шектесетін ауылдар — мемлекеттік шекара әлдеқашан картадағы сызық болудан қалып, күнделікті өмірдің бір бөлігіне…

5 часов назад

This website uses cookies.