Жайылма жері Арыспаевтар отбасы үшін құт мекенге айналды

Жерден жаңа тыныс іздеген адамның оқиғасы әрқашан ерекше әсер қалдырады. Солардың бірі – Оңтүстік Қазақстан облысынан Жайылмаға көшіп келген Арыспаев Жұмажан мен оның отбасы. Екі жыл бұрын басталған бұл сапар, жай көшіп қана қоймай, жаңа өмірге жол ашу еді.

Жұмажан отбасы бұған дейін жеті жыл Қарағандыда тұрды. Қала өмірінің қиындықтары мен ауыртпалықтарынан кейін таза ауаға, кең даланың тыныштығына бет бұруға бел буды. Бұл шешімге олардың қарындасының ықпалы ерекше болды. Қарындасының кеңесі, жаңа жердегі өмірге жол ашқан кілті.

Жайылмаға алғашқылардың бірі болып келген олар жаңа ортаны танып, тез сіңісіп кетті. Бұл жер мал шаруашылығы дамыған, еңбекқор ауыл тұрғындары тұратын мекен. Мұнда 3-4 шаруа қожалығы бар, ал жергілікті халық өз күнін өзі көріп, өзін-өзі қамтамасыз етіп отыр.

Бүгінде Арыспаевтар отбасының жағдайы жақсы. Көшіп келісімен бірден жұмысқа орналасқан. Бастапқы да мектеп ұжымы әлеуметтік жағына көп көмектесті. Үйіне жөндеу жүргізді. Көшіп келуі жолақысын да көтеріп, азаматтық жасады. Бұл қамқорлықты Арыспаевтар отбасы ұмытпақ емес. Жұмажан ағаш ұстасы, қолынан өнері келеді, ал келіншегі мектепте күзетші болып жұмыс істейді. Қазір бала күтімімен үйде. Отанасы отбасының берекесі мен бірлігін де ұйыстырып отыр.

Отбасының ең үлкен қуанышы алтыншы баланың дүниеге есігін ашуы. Тұңғышы 11 жаста, кенжесі өткен жылы дүниеге келді. Үлкен төртеуі мектепте оқиды, қалған екеуі әлі кішкентай.

«Бала-шағамызбен Қамыстының Жайылма ауылына қоныс аудардық. Бізге үй берілді. Жолдасым екеуміз бірден жұмысқа орналастық. Болашағымыз деп үміт артқан балаларымыз осындағы тоғызжылдық мектепте білім алуда. Елдегі жағдайы нашар отбасыларға айтарым, болашағының жарқын болуы үшін еш күмәнсіз алға қадам басуға кеңес беремін. Елден көштік деп өкінбей, керісінше, көз жұмып, тәуекелге бел буғанымыз дұрыс болды. Мемлекет бізді баспанамен ғана емес, жұмыспен де қамтамасыз етті», – дейді Арыспаевтар.

Балалардың жаңа ортаға тез бейімделуі, олардың ең үлкен жеңісі. Мектепте, көршілер арасында олар өздерін жайлы сезініп, достар тапты. Жайылма тұрғындары жаңа келген отбасыларды жылы қабылдап, көмектескеннен кейін өмір бірқалыпты өрбіді.

Отбасы шаруашылығын да дамытып, жыл сайын жиырма шақты үйректің балапанын бағып келеді. Бұл, олардың тұрақты табыс көзі әрі күнделікті тұрмыстың ажырамас бөлігі.

Жұмажанның жолдасы жақында «Күміс алқа» марапатына құжаттарын тапсырды. Бұл олардың еңбегі мен табандылығының мойындалуы. Отбасы ауыл өміріне белсенді араласып, әртүрлі әлеуметтік шараларға қатысып, көршілерімен тығыз байланыста.
Соңғы жылдары Жайылмаға Оңтүстіктен бес отбасы көшіп келді. Олар Жамбыл, Шу және Шымкент өңірінен келгендер. Бұл өңірдің әлеуметтік құрылымының жаңарып, өзгеріп келе жатқанын көрсетеді.

Арыспаевтар отбасының тарихы – жаңа жерге көшіп, өз күштерімен өмір сүруді қалай үйренгенінің үлгісі. Олар қиындыққа мойымай, еңбек етіп, балаларын тәрбиелеп, жаңа мекеннің тыныс-тіршілігіне сіңісе білді. Кез келген адам үшін үлкен үлгі, өйткені өмірде ең маңыздысы, қай жерде жүрсең де, өз күшің мен үмітіңді жоғалтпау.

Жайылмаға келген әрбір отбасы осындай жаңа үміттермен, армандармен және еңбекпен өмірді қайта жаңғыртып жатыр. Арыспаевтар да сол жаңа өмірдің жарқын беттерінің бірі.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

 «Өнеріміз саған, Қазақстан!» Торғай төрінде

Жанкелдин ауданында XXXVIII «Өнеріміз саған, Қазақстан!» облыстық көркемөнерпаздар байқау-фестивалі жоғары деңгейде өтті. (далее…)

16 часов назад

Под единым шаныраком: День единства народа Казахстана отмечают в Аулиекольском районе

В честь знаменательного события в райцентре состоялись народные массовые гулянья. (далее…)

16 часов назад

В Рудном отметили 30 лет «Рудный дауысы»

В Рудном состоялась торжественная встреча, посвященная 30-летию телерадиокомпании «Рудный дауысы», сообщает  Rýdnyі medіa (далее…)

1 день назад

Қамыстыда қазаққа келін болған Каролина

Салт-дәстүрді серік еткен берекелі отбасы. (далее…)

2 дня назад

Еще 4 села в Костанайской области отказались от алкоголя

В регионе проводятся разъяснительные работы о вреде спиртных напитков. (далее…)

2 дня назад

Торғайда қазақы салтты ұстанған Светлана

Қарғалы ауылындағы бірлік пен татулықтың жарқын үлгісі. (далее…)

2 дня назад

This website uses cookies.