Ахмет Байтұрсынұлы ауылында жаңа әлеуметтік нысан-дәрігерлік медициналық пункт қолдануға берілді
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында медициналық инфрақұрылымды кешенді түрде жақсартуға баса назар аудару керектігін атап өткені белгілі. Бұл мемлекет басшысы тапсырмасының жүзеге асуының көрінісі деп білеміз. Іс-шара барысында Жангелдин ауданының әкімінің орынбасары Еренбол Алматов, осы ғимараттың салынуына септігі тиген «Алюминстрой» ЖШС мекемесінің басшысы Абай Мұқанов және Ахмет ауылының ақсақалы Әбдісалық Жақсымбеков құттықтау сөз сөйледі.
Шалғай елді-мекеннің тұрғындарына қалтқысыз қызмет етіп келе жатқан тәжірибелі маман, медициналық пункттің фельдшері Аждаркүл Нұрғалиева жылы лебізін білдірді. Медициналық пункттің лентасын ауыл ақсақалы Әбдісалық Жақсымбеков, бас мердігер «Алюминстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Абай Құспанұлы және аудандық мәслихаттың хатшысы Серік Бағдаұлы салтанатты түрде қиды.
– Әр адамның өмірі мен денсаулығынан артық құндылық жоқ. Алдағы уақытта ауыл тұрғындарына сапалы қызмет көрсетіледі деген сенімдеміз. Медициналық пункттың ғимаратында фельдшер және акушер кабинеттері, емшара бөлмесі, егу бөлмесі, дәріхана бар. Ғимарат үй-жайларының жиынына жиһаз бен жабдықтар (медициналық кушеткалар, фармацевтикалық тоңазытқыштар, гинекологиялық креслолар және т.б.) өажетті заттармен қамтылған. Ауылдық ағайындар ендігі жерде сапалы медициналық қызметпен толық қамтамасыз етіледі, – дейді сала мамандары.
Гауһар КӘДІРХАНОВА
Об этом сегодня, 18 марта, в ходе инспектирования медицинского объекта сказал аким области Кумар Аксакалов.…
Когда село пустеет, а статус административной единицы упраздняется, на торги выставляются последние свидетельства былой жизни…
Ұзынкөл ауданында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі әлеуметтік жобасы аясында кезекті кездесу өтті. (далее…)
«Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», - деп бекер айтылмаса керек. (далее…)
Соответствующие данные опубликовали на сайте Управления ветеринарии региона. (далее…)
25 ақпан мен 2 наурыз аралығында Қызылорда қаласында 2012 жылы туған қыздар арасында бокстан Қазақстан…
This website uses cookies.