Қайғылы жағдай Албарбөгет ауылдық округіне қарасты Жартоғай елді – мекенінде болған
«Аянбай» шаруа қожалығының жұмыскерлері ішімдіке сылқия тойып алып, сол жерде жанжалдасқан. Н. есімді азамат қасындағы бөтелкелесіне темір құманмен соққы жасаған. Жәбірленуші қайта ұмытыла бергенде балтырынан пышақ сұққан. Шаруа қожалығының иесі жергілікті полиция өкілдеріне қоңырау шалып, жедел хабарлаған. Оқиға орнында көз жұмған М. есімді азамат Арқалық қаласының тұрғыны. Аталған шаруа қожалығына 26 қаңтар күні мал бағуға келген.
– Қазіргі таңда тергеу амалдары полиция және тергеу бөлімі арқылы жүріп жатыр. Қыстақта қылмыс жасаған азамат пен жәбірленуші ғана болыпты. Оқиға болған жерге дер кезінде барып, тергеу жұмыстарын жүргізе мүмкіндік болмады. Себебі, ол елді – мекенге жол қатынасы болмады. Біз арнайы техникамен жолды тазартып, содан кейін мән-жайды анықтадық. Тергеу жұмыстары Арқалық қаласында жүргізіліп жатыр. Қылмыскер уақытша қамауға алынды. Тергеу аяқталған соң тиісті жазасын алады, – дейді аудандық полиция қызметкерлері.
«Біздің Торғай»
Об этом сегодня, 18 марта, в ходе инспектирования медицинского объекта сказал аким области Кумар Аксакалов.…
Когда село пустеет, а статус административной единицы упраздняется, на торги выставляются последние свидетельства былой жизни…
Ұзынкөл ауданында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі әлеуметтік жобасы аясында кезекті кездесу өтті. (далее…)
«Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», - деп бекер айтылмаса керек. (далее…)
Соответствующие данные опубликовали на сайте Управления ветеринарии региона. (далее…)
25 ақпан мен 2 наурыз аралығында Қызылорда қаласында 2012 жылы туған қыздар арасында бокстан Қазақстан…
This website uses cookies.