Аудандық мәдениет үйінде «Алғыс айту – парызым» атты мерекелік шара салтанатты түрде өтті
Аудан әкімі Шота Оспанов аудан халқын айтулы мерекемен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.
-Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, бұл мейрам өзара құрмет пен сенімнің, мейірім мен ізгіліктің мерекесі. Алғыс айту күні біз үшін жыл бойы атқарған еңбегімізбен жасаған жақсылығымыздың есебіндей маңызды. Әр адам жақсылығы үшін алғыс алып, өзіне көрсетілген көмек, демеу үшін рахмет білдіретін күн. Бұл мерекенің астарында қазақ халқының бүгінгі батырларына деген құрметі мен ыстық ілтипаты жатыр. Рухани байлығымыздың бір көрінісі – осы өмірге ризашылығымызды білдіру, амандықтың қадірін жете түсіну, жақындарымызға рахмет айту. Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға қуаныш, бақыт тілеймін! Бейбіт өмірдің берекесі, халқымыздың ынтымақ-бірлігі арта берсін, – деді аудан басшысы.
Сонымен қатар, ауданымыздағы медицина, қаржы, ауылшаруашылық саласына сүбелі үлес қосқан Қабден Ерәділовке, Әлімбай Жаулыбаевқа, Қанад Әбілдинге, Мираш Жұмашевқа, Жангелдин ауданының «Құрметті азаматы» атағын салтанатты түрде табыстады.
Қазақы дәсүрді жалғастырып, иықтарына шапан жапты. Сондай-ақ, жүргізушілер атынан сөз алған Таңатқан Бекшентаев, Қабден ақсақалға камазисттер атынан сый-сияпат жасады. Медицина саласының ардагері, Нұржамал Баяхметқызы денсаулық саласының майталмандарына, аудандық аурухана ұжымының атынан алғыс хат тапсырды.
Марапат иелерін аудандық мәслихаттың төрайымы Анар Ержігітова, әлеуметтік сала ардагері Ләззат Зейнекина құттықтады.
“Алғыс айту” мерекесі күмбірлеген күймен, мың бұралған бимен, әуезді әнмен жалғасты.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Об этом сегодня, 18 марта, в ходе инспектирования медицинского объекта сказал аким области Кумар Аксакалов.…
Когда село пустеет, а статус административной единицы упраздняется, на торги выставляются последние свидетельства былой жизни…
Ұзынкөл ауданында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі әлеуметтік жобасы аясында кезекті кездесу өтті. (далее…)
«Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», - деп бекер айтылмаса керек. (далее…)
Соответствующие данные опубликовали на сайте Управления ветеринарии региона. (далее…)
25 ақпан мен 2 наурыз аралығында Қызылорда қаласында 2012 жылы туған қыздар арасында бокстан Қазақстан…
This website uses cookies.