Биыл Торғайлықтар үшін қыс мезігілі жайлы болғанмен желтоқсан – ақпан айларында толсассыз жауған жауын – шашын тығырыққа тіреп отыр. Тобықтан келетін азғантай қар сол жаңбырдың салдырынан еріп, артынша күн суытып, қыс қаһарына мінді. Соның салдарынан жылқылардың жайылымы көк мұзға айналды. Тебіндеп жүріп, қорегін табатын жануарлар шарасыз күйде көк мұздың үстінде сырғанып жүр. Қазіргі уақытта аудан көлеміндегі жылқылардың саны жыл санап артып келеді. Қос – қостан үйірлі жылқысы бар тұрғындар өзара «WhatsApp» желісі арқылы «Жылқышылар» тобын ашқан болатын. Сол арқылы бір – біріне хабарласып, жылқыларының амандығын біліп отырады.
«Күні кеше өзеннің арғы бетінде жүрген жылқыларымды қарап келдім. Жағдайлары мүшкіл халде. Жылтыраған мұздың үстінде қозғала алмай орындарында қатып тұр. Күйлері де анау айтқандай мәз емес. Қайта құлын тастамағандарына қуандым. Жуырда Торғайдағы бір кісінің 8 биесі құлын тастады деп естідім. Әрине өкіншті. Сол халге жеткізбес үшін жылқыларымды қолға ұстауыма тура келді. Шөп мәселесін бірдеңе қылармын. Көктем мезгілі жақындағанда үйірлі жылқымды қырып алғым келмейді. Ой мен қыр жайлымында жүрген жылқылардың барлығын жинақтап қадағаламаса шығын көбеюі тиіс. Оның үстіне екі апта бойы сақылдаған сары аяз, жылқылардың күйін күрт түсіріп жіберді», – дейді Сужарған ауылының тұрғыны Бауыржан Махамбетов.
Егер қыс созылып, күн жылымаса, жылқы малдарына қауіп төнері сөзсіз.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Жанкелдин ауданы
Об этом сегодня, 18 марта, в ходе инспектирования медицинского объекта сказал аким области Кумар Аксакалов.…
Когда село пустеет, а статус административной единицы упраздняется, на торги выставляются последние свидетельства былой жизни…
Ұзынкөл ауданында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі әлеуметтік жобасы аясында кезекті кездесу өтті. (далее…)
«Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», - деп бекер айтылмаса керек. (далее…)
Соответствующие данные опубликовали на сайте Управления ветеринарии региона. (далее…)
25 ақпан мен 2 наурыз аралығында Қызылорда қаласында 2012 жылы туған қыздар арасында бокстан Қазақстан…
This website uses cookies.