Мемлекет басшысының өз қолынан алды
Күні кеше Ақорда төрінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқыны кезінде көмек көрсетіп, елге жәрдемдескен бір қатар ел азаматтарымен кездесті. Аталмыш кездесуде халықтың бірлігінің арқасында тосқынға тосқауыл жасап, елді аман алып қалғанымызды тілге тиек етті. Сондай –ақ, жастардың жасаған ерліктерін ерекше атап өтті. Аталмыш кездесуге Жанкелдин ауданының Сарысу ауылының тұрғыны «КХ Дүйсенбаев» жеке шаруа қожалығының иесі Әсет Бөлтірікұлы қатысып, президент қолынан «Шапағат» медалін алды.
«Мемлекет басшысымен кездесіп, осындай марапат алу мен үшін үлкен мәртебе. Алдымен осы марапатқа лайықты деп ұсынған аудан басшылығына ризашылығымды жеткізгім келеді.Елде төтенше жағдай орын алғанда ел перзенттері жұдырықтай жұмылып күні түні қызмет жасады. Мен үшін туған жеріме қызмет көрсету перзенттік борышым деп білемін»-дейді Әсет Дүйсенбаев.
Айта кету керек, Әсет Бөлтірік ұлы тасқын су кезінде өзінің техникаларын жұмылдырып аянбай қызмет жасаған азаматтардың бірі. Айтып келмейтін апатта күшіміз бірлікте екенін тағы бір мәрте дәләлдедік. Алыстағылар қаржылай көмек көрсетсе, ауыл азаматтары техникаларын жұмылдырып тасқынға тосқауыл болды. Халықтың арасынан еріктілер жасағы құрылып, қап қап құммен тосқын судың елді шайып өтпеуі үшін үлкен күш жұмсалды. Елім деген жанашыр азаматтардың еңбегі еленіп жатса, елдің де мерейі үстем болмақ.
Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ
Об этом сегодня, 18 марта, в ходе инспектирования медицинского объекта сказал аким области Кумар Аксакалов.…
Когда село пустеет, а статус административной единицы упраздняется, на торги выставляются последние свидетельства былой жизни…
Ұзынкөл ауданында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі әлеуметтік жобасы аясында кезекті кездесу өтті. (далее…)
«Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», - деп бекер айтылмаса керек. (далее…)
Соответствующие данные опубликовали на сайте Управления ветеринарии региона. (далее…)
25 ақпан мен 2 наурыз аралығында Қызылорда қаласында 2012 жылы туған қыздар арасында бокстан Қазақстан…
This website uses cookies.