Жангелдинде үш маманға сұраныс жоғары

 Жангелдин ауданында медицина саласындағы кадр тапшылығы өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

Аудан әкімі Дінмұханбет Бидашевтің айтуынша, қазіргі таңда әсіресе стоматолог, хирург және акушер-гинеколог мамандарына қажеттілік бар.
Ауданда тұрғындарға 23 төсектік аудандық аурухана, 30 төсектік күндізгі стационар және бір ауысымда 50 адам қабылдайтын емхана қызмет көрсетеді. Сонымен қатар халыққа медициналық көмекті 17 медициналық пункт пен 2 фельдшерлік-акушерлік пункт көрсетуде.

«Бүгінде ауданның медицина ұйымдарында 11 жоғары білімді дәрігер мен 84 орта буын медицина қызметкері еңбек етеді. Дегенмен, қолда бар кадрлармен қатар, бірқатар бейінді мамандарға қажеттілік сақталып отыр. Атап айтқанда, стоматолог, хирург, гинеколог-акушер мамандары қажет, – деді Дінмұханбет Серікұлы.

Әкімдік тарапынан ауыл тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру бағытында да жұмыстар жүргізілуде. 2026-2028 жылдары Тәуіш, Көкалат және Ақшығанақ ауылдарында жаңа медициналық пункттер салу жоспарланған. Қазір олардың жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп жатыр.

Жаңа медициналық нысандардың бой көтеруі ауыл тұрғындарына көрсетілетін медициналық қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік бермек. Алайда нысандарды қажетті мамандармен қамтамасыз ету мәселесі де қатар шешуді қажет етеді.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ,
Суреттерді түсірген – Бердіболат Көркембаев


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 2