Жангелдинде Шымкенттен қоныс аударған дәрігер жұмысқа кірісті

Торғай өңірінің медицина саласына жаңа маман қосылды.

Шымкент қаласынан «Солтүстікке қоныс аудару» бағдарламасы арқылы келген жалпы тәжірибелік дәрігер Гауһар Мыңбатырова Жангелдин аудандық ауруханасының емхана бөлімшесінде жұмысын бастады.

Гауһар Сермаханқызы 1991 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданында дүниеге келген. 2009 жылы Жиенқұм орта мектебін тәмамдап, сол жылы Халықаралық қазақ-түрік университетіне оқуға түседі. 2016 жылы «Жалпы медицина» мамандығын меңгеріп, еңбек жолын Шымкент қаласындағы №11 емханада дәрігер болып бастайды.

2019 жылдан бастап Шымкент қаласындағы «Чапаевка» емханасында жалпы тәжірибелік дәрігер болып еңбек етті. Мұнда кәсіби тәжірибесін шыңдап, соңғы екі жылда бөлім меңгерушісі қызметін атқарды.

Енді жинаған тәжірибесін Торғай өңірі тұрғындарының денсаулығын сақтауға бағыттап отыр.

– Дәрігерлік мамандықты таңдаған соң, халыққа қызмет етуді басты мақсатым деп білдім. Пациенттердің денсаулығын сақтау, аурудың алдын алу және уақытылы медициналық көмек көрсету – дәрігердің негізгі міндеті. Жаңа ортада да осы бағытта еңбек еткім келеді, – дейді Гауһар Сермаханқызы.

Дәрігер биыл маусым айында «Солтүстікке қоныс аудару» бағдарламасы арқылы Қостанай облысына көшіп келіп, Жангелдин аудандық ауруханасының емхана бөлімшесіне жалпы тәжірибелік дәрігер болып орналасты.

Жалпы тәжірибелік дәрігер тұрғындарға алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетеді. Оның міндетіне пациенттердің денсаулығын бақылау, аурулардың алдын алу, созылмалы сырқаты бар азаматтарды тұрақты қадағалау және қажет болған жағдайда бейінді мамандарға жолдау кіреді.

Шымкенттен Торғай өңіріне қоныс аудару – жас маман үшін жаңа өмір кезеңі болса, аудан медицинасы үшін білікті кадрмен толыққанын білдіреді. Әсіресе ауылдық жерлерде дәрігерлердің болуы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

– «Солтүстікке қоныс аудару» бағдарламасы арқылы Қостанай облысына келіп, Жангелдин ауданында еңбек ету туралы шешім қабылдадым. Жаңа жерге бейімделіп, тұрғындармен етене жұмыс істеп, өз мамандығым бойынша халыққа пайда тигізсем деген ниетім бар, – дейді дәрігер.

Бүгінде Гауһар Мыңбатырова аудандық емханадағы күнделікті жұмысына кірісіп, Торғай тұрғындарына медициналық көмек көрсетіп жүр.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ,
Сурет облыстық денсаулық сақтау басқармасынан алынды

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

В Аулиекольском сельскохозяйственном колледже говорили о ВИЧ без мифов и предубеждений

О путях передачи инфекции, современных методах лечения и важности своевременного тестирования. (далее…)

1 час назад

В Наурзумском районе отетили День социального работника

Ежегодно в последнее воскресенье октября в Казахстане отмечается День работников системы социальной защиты. (далее…)

2 часа назад

В селе Караменды Наурзумского района состоялся областной турнир по футзалу среди ветеранов спорта

Соревнования были посвящены памяти ветерана спорта Наурзумского района, уроженца села Раздольное Албастова Хусейна Ахмедовича. (далее…)

2 часа назад

Науырзымдық батыр аналарға құрмет көрсетілді

«Алтын алқа» мен «Күміс алқа» иелері мемлекеттік наградамен марапатталды. (далее…)

5 часов назад

Жангелдин ауданында кәсіпкерлерге құрмет көрсетілді

Кәсіпкерлік – ел экономикасының тірегі, ауылдың әлеуметтік дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттырудың маңызды тетігі. (далее…)

6 часов назад

В селе Караменды Наурзумского района усиливают меры по обеспечению общественной безопасности

Одним из важных шагов в этом направлении стало расширение системы видеонаблюдения. (далее…)

7 часов назад

This website uses cookies.