Ең бастысы тұрғындардың денсаулығы
Бүгін Жанкелдин ауданына Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқали, Қазақстанға еңбегі сіңген дәрігер – Қостанай облысының офтальмология бас дәрігері Шыңғысхан Жусупов келіп, аудандық ауруханаға арнайы жабдықталған көліктің кілтін табыстады.
Биылғы жылы ұлт саулығын нығайту мақсатында денсаулық сақтау саласына 3,3 триллион теңге қаржы бөлінді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы денсаулық сақтау саласына айрықша көңіл бөліп – «Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды»-деп, Жолдауында атап өткен болатын. Осы тұста аудандық ауруханада тұрғындардың медициналық қызметке қолжетімділігін арттыру, денсаулық сақтау инфрақұрылымын одан әрі жетілдіру кешенді түрде жүргізілуде. Міне соның дәлелі ретінде аудандық аурухана жаңа реанимобильмен толықты.
Заманауи медициналық құралдармен жабдықталған құны 62 миллионды құрайтын JAC Sunray “жедел жәрдем” реанимобилі Денсаулық сақтау министрлігінің стандарттары бойынша жабдықтармен жарақтандырылған. Бортта әрқайсысының сыйымдылығы 10 литр болатын екі кислородты баллонды, ингаляторлардың екі жиынтығы, шығын өлшегіштер мен ылғалдандырғыштар, жасанды өкпе аппараты, 2 қосылу терминалын қамтитын оттегімен жабдықтау жүйесі орнатылған. Сонымен қатар, автомобиль ультракүлгін бактерицидтік шаммен, жарықдиодты жарықпен, төбені мәжбүрлі желдетумен, сондай-ақ роликті арбамен жабдықталған. “Реанимобиль” нұсқасындағы JAC электрокардиографтар мен желдеткіштер сияқты мамандандырылған реанимациялық жабдықтармен ерекшеленеді – алдағы уақытта халықтың игілігі үшін қызмет ететін болады.
Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ринат Зәкиұлы, аудандық ауруханаға заманауи құрылғымен жабдықталған көліктің берілуіне өзіндік ықпал жасаған Қазақстанға еңбегі сіңген дәрігер – Қостанай облысының офтальмология бас дәрігері Шыңғысхан Зейнелұлы жылы лебіздерін арнап, аурухана қызметкерлерінің жұмыстарына толағай табыстар тіледі.
Аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Тойғанбол Нұрханов алыс шалғайдағы ауылды елеп ескеріп бірінші кезекте көлікті болуға ықпал жасаған басшылық тарапқа, сонымен қатар көліктің елге беріліуіне тікелей мұрындық болған Шыңғысхан Жусуповке ризашылығын жеткізді.
Қазіргі таңда жедел жәрдем бөліміне келіп түскен шұғыл шақыртуларға дер кезінде қызмет көрсету мүмкіндігі көбейді. Халықтың денсаулығы қашанда ең маңызды мәселе болып қалатыны хақ. Ал азаматтардың денсаулығын жақсарту, ем-дом шараларын жүргізу ақ халатты абзал жандардың міндеті.
Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ
Ұлттық өнер – халықтың жадын жаңғыртып, рухын асқақтататын асыл қазына. (далее…)
«Ұлттық қор – балаларға» бастамасы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына 2022 жылғы…
Как известно, стадия уголовного досудебного расследования начинается с регистрации заявления, сообщения об уголовном правонарушения. (далее…)
Такие данные озвучены в Карасуском отделе полиции во время проведения заседания круглого стола. (далее…)
Еңбектің жалынына шыдап, маңдай терімен күнкөріс қамын жасап жүрген әр маманның қоғам алдындағы жауапкершілігі өлшеусіз.…
В мероприятии приняли участие прокурор Мендыкаринского района Ерлан Сарсенов, глава района Габит Бекбаев и представители…
This website uses cookies.