Жанкелдин ауданы Ақшығанақ ауылында зергерлік бұйымдар жасайтын зергер бар

Темірден түйін түйген хас шебер жайлы

Зергер — алуан түрлі сәндік бұйымдар мен әшекей заттарды сақина, сырға, білезіктерді алтынмен аптап, күміспен күптеп, зерлеп, ажарын, сәнін кіргізіп, айшықтап жасаушы.

Халқымыздың дәстүрлі қолөнері – қайнар бұлақ, сарқылмас қазына, бай мұра. Бұл – ұлттық санадағы сұлулыққа деген іңкәрліктен пайда болған эстетикалық талғам. Халық зергерлері әсем бұйымдарды дүниеге әкеліп, сұлулықтың санадағы бейнесін жасаған. Дәл осындай зергерлік бұйымдар жасайтын хас шебер Ақшығанақ ауылында тұрады. Ауылдың байырғы тұрғыны Мақсұт Аяғановтың бойындағы дарын мен талант атақты ұста атанған Аяған атасынан дарыған екен. Көп жылдан бері сақина, білезік, алқа, шашбау тағы да басқа зергерлік бұйымдарды сәнді еті жасап келеді. Ауыл тұрғындарын былай қойғанда, Арқалық, Астана, Қостанай қалаларынан тапсырып беріп жатады екен. Нарықтық бағамен сұранысқа ие болып отырған әшекей бұйымдар көздің жауын алады.

«Бала күнімде сақина соғуды қатты армандайтынмын. Атам үлкен ұста кісі болды. Темірден түйін түйіп, ағаштан ою оятын. Қолынан бәрі келетін. Кей кездері қасында отырып, атамнан шеберліктің қыр – сырын сұрап, қызығушылық танытатын едім. Өткен ғасырда бұл өңірде Бектепберген мен Сұлтанның, Аяған мен Жармақтың, Сәдуақас пен Мырзахметтің есімдері дүркіреп шықты. Осы шоғыр ішінен жұлдыздай жарқырап көрінетін ұсталардың бірегейі – Кенжебайдың Аяғаны еді. Самтықбайдай есепші болмас, Ізбастыдай оташы болмас, Кенжебайдай сыншы болмас» деген екен. Осындағы Кенжебай – Аяған ұстаның әкесі. Атақты атбегі болған адам. Соғыс уақыты мен одан кейінгі ауыр кезеңдерде атамның халыққа сіңірген еңбегі зор. Ауылдың барлық құрал-саймандары Аяған ұстаның қолынан өтіп отырған. Сол атамның ұсталағы маған қонды. Осы арқылы табыс тауып, отбасымды асырап, балаларымды оқыттым. Осыған шүкір», – дейді зерген Мақсұт Аяғанов.

Мақсұт зергерлік өнерді меңгерген. Түрлі әшекей бұйымдар, әсіресе сақина соғады. Бұл кісілер соққан бұйымдарда халықтың сұранысына ие. Ия, Аяған ұста мен ұрпақтарының өмір жолы тағылымды. Ендігі кезек баба ісін жалғар шөберелеріне нәсіп қылсын.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Не молчи: как школьников учили противостоять буллингу

В Карасу около 100 учащихся 9–11 классов приняли участие в семинарах по буллингу. В Караманской…

7 часов назад

Карасуские пожарные закрепили успех на промежуточной стадии состязаний

Завершился очередной этап областной спартакиады среди подразделений ДЧС Костанайской области. (далее…)

8 часов назад

В Камыстинском районе обмолочено 90% запланированных площадей

Сельхозтоваропроизводители Камыстинского района завершают уборочную кампанию. (далее…)

12 часов назад

Жангелдинде қаржылық алаяқтықтың бір дерегі тіркелді

Жангелдин ауданында жыл басынан бері қаржылық алаяқтық бойынша бір қылмыстық іс тіркелген. (далее…)

14 часов назад

Қамыстыдағы жаңа спорт кешенінде жүзден астам бала жаттығып жүр

Қамысты ауданында заманауи «Қамысты Арена» дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Жаңа нысанда бүгінде жүзден астам…

14 часов назад

Инклюзияны қолдау кабинеті білім алуға тең мүмкіндік жасау үшін Ұзынкөлдік мектепте ашылды

Қазақстандық білім беру саласының басымды бағыттарының бірі – инклюзивтік. (далее…)

14 часов назад

This website uses cookies.