Ауылға көңіл бөлінді
С. Мәуленов атындағы жалпы білім беретін мектебінің жертөресінен спорт залы ашылып, пайдалануға берілді. Жаңадан ашылған спорт залды қажетті жабықтармен “Қазақстан халқына” жобасы аясында құрылған “Батыр боламын” қоғамдық қорының өкілдері толығымен қамтыды.
Бокс, күрес, тоғызқұмалақ, стол тенниси үйірмесіне әкелген жабдықтардың құны 10 млн теңге болады екен.
Спорт нысанының ашылу салтанатына жергілікті билік өкілдері және аталмыш қоғамдық қордың негізін қалаушы Арман Уахап пен қор Президенті Ернұр Сәбікенұлы қатысты.
Іс-шара барысында демеушілер, білім бөлімінің өкілдері, ауыл тұрғындары, спорт мектебінің басшылары тілектестіктерін білдірді.
Ауыл әкімі Ербол Досмағанбетов тұрғындар атынан қоғамдық қордың өкілдеріне ризашылығын жеткізіп, аудан әкімінің алғыс хатын Арман Уахап пен Ернұр Сәбікенге табыстады.
“Шалғайдағы ауыл үшін бұл үлкен қуаныш. Енді мектеп оқушылары кез келген спортпен шұғылдануына мүмкін алды. Сіздерге шын жүректен алғысымды білдіремін. Елімізде сіздердей атымтай-жомарт демеушілер көп болсын. Жас ұрпақтың болашағы үшін алаңдаған сіздерге Алла разы болсын. Еңбектеріңіз еленіп, халықтың ақ батасын ала беріңіздер”,- деді ауыл әкімі.
Ауыл тұрғыны Әмірбек Доспабаев қор ұжымына ат мінгізді. Игілікті шараның жалғасы ретінде қазақ күресінен байрақты бәсеке өтті. Қол тірес, гір көтеру сайыстары жанкүйерлердің делебесін қыздырды. Жеңімпаздар анықталып, арнайы марапатталды.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
За два дня участниками традиционной акции по забору донорской крови стали 75 человек, пожелавших внести…
Об этом было завлено на аппаратном совещании акима области. (далее…)
В Камыстинской средней школе № 1 начали формировать агрокласс, который объединит растениеводство, инженерное дело и…
Биыл Жангелдин ауданында мал шаруашылығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ветеринариялық қызметтің қолжетімділігін арттыру бағытында жұмыстар…
Қостанай облысында «Менің аулам – менің бағым» жобасы аясында мектеп аулалары жеміс бағына айналып келеді.…
Торғай өңірінде хирург пен фельдшер мамандарына сұраныс бар. Алдағы екі жылда Тәуіш, Көкалат және Ақшығанақ…
This website uses cookies.