Жанкелдин ауданы, Сужарған ауылында спорт зал мен асхана ашылып, ауылдастардың тілегі орындалды

Бір жылда шешімін тапқан мәселе

10 жылдан бері шешімін таппай келе жатқан ауқымды мәселе лезде жүзеге асып, елдің көңілі жайланды. Әр жыл сайын сужарғандықтар жиында бас қосқанда «Мектеп жанынан спорт зал керек. Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін ең маңызды мәселе. Мектеп оқушыларының спортпен шұғылданатын жері жоқ. Осы жергілікті билік өкілдері назарға алса екен» деп ауылдық ағайындар талай мәрте талап тілектерін жеткізген болатын. Әрине, барлық шаруа қаражатқа келіп тіреледі. Сметалық құжат дайындау үшін де ақша қажет. Жол бойында орналасқан ауылдың ажарына сән кіргізу үшін әлеуметтік нысандар көптеп салынса артықшылығы бола қоймас. Биыл аудан әкімінің қолдауымен балалар ойын алаңы салынды. Өткен жылы бір көшеге асфальт жабындысы төселді. Су тарату станциясы бой көтеріп, әрбір үйге су кірді. Ал, өткен жолы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша құрылыс жұмыстары басталған спорт зал мен мектеп асханасы пайдалануға берілді. Оның ашылу салтанатына арнайы қатысқан билік өкілдері тілектестіктерін білдірді.

Аудан әкімі Шота Оспанов сөз сөйлеп, елдің игілігі үшін салынған нысанды күтіп – баптап қажеттіліктеріне жарату керектігін тілге тиек етті.

«Кейбір құрылыс жұмыстары мардымсыз. Ол әрине мердігердің шалалығынан. Құрылыстың сапасына мән бере бермейтін мердігерлердің саны көп. Қомақты қаржыны көргенде ешқандай жоспарсыз конкурсқа түсе салатындары да бар. Ал. «Алюминстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өз ісіне мығым. Жауапкершілігі бар мердігер. Аудан өңіріндегі бірқатар құрылыс жұмыстарды осы мердігер атқарып келеді. Сондықтан ауыл халқының атынан шынайы алғысымды білдіремін», – деді аудан басшысы.

Сонымен қатар, ауылдың абаттандыру мен көгалдандыруға атсалысқан азаматтарға алғыс хат тапсырды. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қарсақбай Бірмағанбетов, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Балтабай Өміржан ізгі тілектерін жеткізді.

Қ.Қайдосов атындағы жалпы білім беретін мектебіне спорт залы мен асхана салу» нысанының жалпы сметалық құны 658079,0 мың теңге. 2023 жылы «Ауыл- ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде Ұлттық қор есебінен 200000,0 мың теңге, облыстық бюджеттен 22222,0 мың теңге, барлығы 222222,0 мың теңге бөлініп, толығымен игерілген. Биыл 402285,0 мың теңге бөлінді. Ұлттық қор есебінен 392271,0 мың теңге, облыстық бюджеттен 10014,0 мың теңге. Алдағы уақытта білім бөлімінің тарапынан штат ашылып, біраз адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Суреті түсірген: автор

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Торғайда өткен «Күй керуені» ұлт рухын тербетті

Ұлттық өнер – халықтың жадын жаңғыртып, рухын асқақтататын асыл қазына. (далее…)

1 день назад

Ұлттық ресурстардан түсетін табыс болашақ ұрпақты қолдауға бағытталады

«Ұлттық қор – балаларға» бастамасы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына 2022 жылғы…

1 день назад

В десяти областях Казахстана работают мониторы на стадии досудебного расследования

Как известно, стадия уголовного досудебного расследования начинается с регистрации заявления, сообщения об уголовном правонарушения. (далее…)

1 день назад

Причинённый киберпреступниками ущерб карасулянам составил 61 312 495 тенге

Такие данные озвучены в Карасуском отделе полиции во время проведения заседания круглого стола. (далее…)

1 день назад

Жас маман еңбек жолын Торғайдағы Ақкөл ауылынан бастады

Еңбектің жалынына шыдап, маңдай терімен күнкөріс қамын жасап жүрген әр маманның қоғам алдындағы жауапкершілігі өлшеусіз.…

2 дня назад

В рамках социально-правовой акции «Мүмкіндік» в Мендыкаринском районе прошла встреча с лицами, чьи возможности по ряду причин ограничены

В мероприятии приняли участие прокурор Мендыкаринского района Ерлан Сарсенов, глава района Габит Бекбаев и представители…

2 дня назад

This website uses cookies.