Тарихи тұлғалар мекені
Көкшетаудағы Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрында еліміздің әр өңірінен келген музейлерді біріктірген ауқымды мәдени шара – «Мәңгілік тұлғалар» атты І республикалық Ұлы тұлғаларға арналған музейлер фестивалі өтті.
Іс-шара Кеңес Одағының батыры, академик, жазушы, қоғам қайраткері Мәлік Ғабдуллиннің туғанына 110 жыл және оның есімін иеленген музейдің құрылғанына 30 жыл толуына байланысты ұйымдастырылды. Сонымен қатар, фестиваль 18 мамырда аталып өтетін Халықаралық музей күніне арналған мерекелік бағдарламаның бастауы болды. Шара аясында театр алаңында арнайы көрме павильондары орнатылып, еліміздің әр өңірінен келген 11 тұлғалық музей өз жәдігерлерін көпшілікке таныстырды. Әр музей өз экспозициясында ел тарихына еңбегі сіңген ақындар, жазушылар, қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен батырлардың өмірі мен мұрасына қатысты сирек жәдігерлерді ұсынды. Жамбыл Жабаев, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Мұқағали Мақатаев, Ілияс Есенберлин, Ыбырай Алтынсарин, Әлия Молдағұлова сынды көрнекті тұлғаларға арналған бұрыштар келушілердің ерекше қызығушылығын тудырды. Фестивальді Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен Ақмола облыстық мәдениет басқармасы мен Мәлік Ғабдуллин музейі ұйымдастырды.
«Сұлу Көкше жерінде тұңғыш рет ұйымдастырылған фестиваль жоғары деңгейде өтті. Әр келген музей қызметкерлері тұлғаларын, жәдігерлерін кең көлемде таныстырып жаңа мағлұматтарға қанық болдық. Біз Мұржақып Дулатұлының тұтынған заттарынан бес экспонат апардық. Мәдени қойылымға Ахмет пен Міржақып тұлғасын сомдадық. Байқау шарты бойынша әр музей қай тұлғаның есімін алып отыр, сол тұлға туралы қойылым көрсету керек болды. Екінші бөлімде апарған экспонаттарымызды толық таныстырып өттік. Үшінші бөлім сұрақ жауап айдары болды. Осылайша жүлделі үшінші орынды жеңіп алдық. Аталған фестиваль дәстүрлі түрде ұйымдастырылып жыл сайын насихатталып отырса, көпке берер пайдасы мол. Ерекше тарихқа толы рухани демалыс болды деуге болады»,-дейді Торғай мұражайлар кешенінің директоры Гүлбану Сарсекей.
Осы фестиваль арқылы Мәлі Ғабдулиннің тұлғасына тағзым жасап, ұлы бабалардың жолын жалғайтын жаңа буынға үлгі боларлық дүние ұйымдастырылды. «Мәңгілік тұлғалар» фестивалі ұлт руханиятын жаңғыртудағы маңызды қадам.
Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ
За два дня участниками традиционной акции по забору донорской крови стали 75 человек, пожелавших внести…
Об этом было завлено на аппаратном совещании акима области. (далее…)
В Камыстинской средней школе № 1 начали формировать агрокласс, который объединит растениеводство, инженерное дело и…
Биыл Жангелдин ауданында мал шаруашылығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ветеринариялық қызметтің қолжетімділігін арттыру бағытында жұмыстар…
Қостанай облысында «Менің аулам – менің бағым» жобасы аясында мектеп аулалары жеміс бағына айналып келеді.…
Торғай өңірінде хирург пен фельдшер мамандарына сұраныс бар. Алдағы екі жылда Тәуіш, Көкалат және Ақшығанақ…
This website uses cookies.