Жанкелдин ауданына қарасты Қызбел ауылдық округі мен Алтынсары ауылының шабындығы өртке оранды

Жауапты мамандар жоқ

Бұл жөнінде әлеуметтік желіге тарады. “Өрттің алдын алуға ауыл әкімшілігінен және аудандық төтенше жағдайғалар бөлімінен еш адам болған жоқ” деп әлеуметтік желі қолданушылар шу көтерді.

Мәселенің мәнісін білу үшін төтенше жағдайғалар бөлінің басшысына хабарластық. Өкінішке орай ол жауапты тұлға біздің сауалымызға еш жауап бермеді. Амалсыздан округ әкіміне хабарласып, қажетті ақпаратты алдық.

“Саға ауылындағы өрт техниканың салдарынан болған. Алтысары ауылының шабындығына найзағай түсті. Іргеге келген өртті ауыл азаматтарының күшімен тоқтаттық. Шобан елді мекеніндегі өртті сөндіре алмауымыздың себебі, су басқан қопадан өте алмадық. Ол жерге бару үшін Тәуіш ауылына барып, кейін оралу керек. Бір жағынан жанар-жағармай жеткіліксіз болды”, —дейді окркг әкімі Қайсар Нұрғазин.

Елді мекеннің қанша гектар жері өртке оранғандығын білу үшін облыстық ТЖБ- нің баспасөз хатшысына хабарластық.

“Қостанай облысы, Жангелдин ауданының өрт сөндіру бөліміне Қызбел ауылдық округіне қарасты 8-ші ауыл аумағында дала өрті шыққаны туралы хабар түсті. Дала өрті өрт сөндіру бөлімшесінен 100 шақырым жерде орналасқан. Ауыл шалғайда орналасқандықтан және жол жағдайы күрделі болғандықтан, өрт сөндіру күштерінің оқиға орнына жетуі біраз уақытты талап етті. Соған қарамастан, мамандар дереу әрекет етіп, өртті сөндіру жұмыстарына жедел кірісті. Ашық аумақта құрғақ шөп пен жиналған шөптің жануы орын алып, жалпы өрт аумағы 20 гектарды құрады. Сонымен қатар, 500 рулон шөп жанған”-деді Айдана Манатқызы.

Оның айтуынша, оқиға орнына Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 2 техника және 6 қызметкерлері, ерікті өртке қарсы құрылымдар және жергілікті атқарушы органдардан жұмылдырылған. Өрт сағат 23:40 та толықтай сөндірілген. Зардап шеккендер анықталмаған.

Байбатыр АХМЕТБЕК

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Правило «пяти метров» в этом году стало ключевым требованием для жителей Мендыкаринского района

Отныне каждый собственник - будь то владелец частного дома, магазина или квартиры в многоэтажке -…

5 часов назад

Қостанайда Кеңшілік Мырзабектің 80 жылдығына арналған әдеби-сазды кеш өтті

Ақынның мерейтойына Мемлекет басшысы құттықтау жолдады. (далее…)

5 часов назад

Жангелдинде егін орағы аяқталды

Жангелдин ауданында биылғы егін жинау науқаны аяқталды. (далее…)

1 день назад

Меңдіқарада ескерткіш жаңартылып, жаңа спорт алаңы ашылды

Қаратал ауылында ел тарихына тағзым етіп, өскелең ұрпаққа жағдай жасауға бағытталған қос нысан ел игілігіне…

1 день назад

Қамыстыда 343 адам жұмысқа орналасты

Қамысты ауданында жыл басынан бері 343 адам жұмыспен қамтылды. (далее…)

2 дня назад

This website uses cookies.