Тәжірибе алмасып, өзара кеңесті
Өткен аптада аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі мен ауыл, ауылдық округтердегі кітапханашылар бас қосты. Кітапханашылар әдістеме-библиографиялық бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Кітапхананың өлкетану қызметі» атты әдістемелік семинар қатысты.
Кітапханашылардың біліктілігін арттыру, заманауи әдіс-тәсілдерді кітапхана шарасына пайдалану. Кітапханашылар арасында өзара тәжірибе алмасу мақсатындағы семинар жоғары деңгейде ұйымдастырылған.
Семинар барысында орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің библиографы Гүлнар Іскендір «Кітапханадағы өлкетанудың бағыт – бағдары» тақырыбында баяндама жасады. Көкалат ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ақбаян Қапар «Өлкемнің ардақтылары» төңірегінде жан – жақты талдау жасап, білім көкжиегін кеңейтті. Қызбел ауылдық кітапханасының кітапханашысы Алтынай Әмірхамза «Туған өлкем – неткен көркем» тақырыбын негізге алып, жазиралы байтақ даласы бар, жері шұрайлы киелі мекеннің тағылымды тарихына шолу жасады.
«Кітапханашылар өлкетану жұмыстарын жетілдіріп, білім беру жүйесінде және жеке тұлғаны тәрбиелеуде өлкетану білімдерін насихаттай отырып, өлкетануды дамыту арқылы мәдени-тарихи танымды қалыптастыра білді. Семинар қатысушылары «Кітапханалық өлкетанулық қызметінің жаңа формалары» әдістемелік құралдары туралы сергіту сәтіндегі мүмкіндікті мүлт жібермей, біліктіліктерін сынға салды. Сонымен қатар, «Өз өлкенді жақсы білесің бе?» атты викториналық ойында тапқырлықтарымен ерекшеленді», – дейді ұйымдастырушылар.
Семинар жиынын қорытындылаған орталық кітапханалар жүйесі директорының міндетін атқарушы Роза Бижанова белсенділік танытқан кітапханашыларды алғыс хатпен марапаттады.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Об этом сегодня, 18 марта, в ходе инспектирования медицинского объекта сказал аким области Кумар Аксакалов.…
Когда село пустеет, а статус административной единицы упраздняется, на торги выставляются последние свидетельства былой жизни…
Ұзынкөл ауданында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі әлеуметтік жобасы аясында кезекті кездесу өтті. (далее…)
«Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», - деп бекер айтылмаса керек. (далее…)
Соответствующие данные опубликовали на сайте Управления ветеринарии региона. (далее…)
25 ақпан мен 2 наурыз аралығында Қызылорда қаласында 2012 жылы туған қыздар арасында бокстан Қазақстан…
This website uses cookies.