Жанкелдин ауданында көшпелі семинар өтті

Ұстаздар тәжірибе алмасты

Ш.Уәлиханов атындағы мектеп базасында аудандық білім бөлімі мекемесінің ұйымдастыруымен, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай дарыны» өңірлік оқу – әдістемелік орталығы» КММ – нің қолдауымен «Дарынды балаларды қолдау:технология және тәжірибе» атты көшпелі семинар өтті.

Семинарға мемлекеттік тілде оқытатын мектептердегі математика, физика, химиия, география , қазақ тілі мен әдебиеті, Қазақстан тарихы, орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері қатысты. Басты мақсат, дарынды балаларды анықтауға, оларға қолдау көрсетуге және дамытуға сонымен қатар білім беру жүйесінде олардың әлеуетін іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасауда тәжірибе алмасуға бағытталған заманауи технологиялармен, әдістемелер және тәжірибелермен таныстыру.

Семинарға «Қостанай дарыны» ӨОӘО аға әдіскерлері Сауле Жакибаева, Ақтоты Каримова, «Дарынды балаларға арналған БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ лицей-интернаты» КММ дарынды оқушылармен жұмыс жөніндегі үйлестірушісі Айбек Бекмағамбетов ,«Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп –интернет» КММ директор орынбасары Жахонгир Гаппаров, «Дарынды балаларға арналған БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ лицей-интернаты» КММ математика пәні мұғалімі Амангелді Азизұлы, «Дарынды балаларға арналған БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ лицей-интернаты» КММ физика пәні мұғалімі Мақсат Серік , «Арқалық қаласы білім бөлімінің Ы.Алтынсарин атындағы гимназиясы» КММ география пәні мұғалімі Акбота Нурханова ,«Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп гимназия -интернаты» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ботагөз Байтасова «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп гимназия -интернаты» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Агыбай Нугуманов, «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп лицей-интернаты» КММ тарих пәні мұғалімі Нұрымжан Кайрғали «Дарынды балаларға арналған БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ лицей-интернаты» КММ тарих пәні мұғалімі Қуаныш Бектұрғанов арнайы келіп, сабақ өткізіп, тәжірбиелерімен бөлісті.

Семинар барысында пән мұғалімдері бірнеше топқа бөлініп жұмыс жасады. Ұстаздар қауымы жаңашылықтармен таныса отырып, семинардан дарынды балаларды анықтауда қолдау көрсету, олардың әлеуетін іске асыру мақсатында көптеген мағлұматтарға қанық болып, тәжірибе алды. Семинар жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Тәжірибе бөлісуге келген аға әдіскерлер, педагогтер ризашылықтарын білдірді. Екі күнге созылған семинарға қатысқан 109 мұғалімге арнайы сертификат табысталды.

Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

В Карасуском районе прошёл День донора

За два дня участниками традиционной акции по забору донорской крови стали 75 человек, пожелавших внести…

3 часа назад

Костанайская область лидирует по уровню цифровизации промышленности в стране

Об этом было завлено на аппаратном совещании акима области. (далее…)

3 часа назад

В Камыстинском районе открыли агроклассы

В Камыстинской средней школе № 1 начали формировать агрокласс, который объединит растениеводство, инженерное дело и…

3 часа назад

Жангелдин ауданында тоғыз ауылда ветеринариялық пункт салынып жатыр

Биыл Жангелдин ауданында мал шаруашылығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ветеринариялық қызметтің қолжетімділігін арттыру бағытында жұмыстар…

3 часа назад

Қамыстыда оқушылар жеміс ағаштарын отырғызды

Қостанай облысында «Менің аулам – менің бағым» жобасы аясында мектеп аулалары жеміс бағына айналып келеді.…

5 часов назад

Жангелдин ауданында үш ауылда медициналық пункт салу жоспарланып отыр

Торғай өңірінде хирург пен фельдшер мамандарына сұраныс бар. Алдағы екі жылда Тәуіш, Көкалат және Ақшығанақ…

5 часов назад

This website uses cookies.