Жанкелдин ауданында Ұлы жеңістің 80 жылдығына орай Тыл ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Отан Оттанда ыстық

Біздің ауданда Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлердің барлығы дүниеден өтті. Оқ пен оттың ортасында жүрген батырларға құрмет көрсету парыз. Сол бір қанды соғыста елде қалып, қара жұмысқа жегілген аталарымыз бен әжелеріміз қолдарына кетпен ұстап жер жыртты. Енді бірі шығырмен су тартып, өгіз айдап, соққа жекті. Күндіз түні жұмыс істеп, майдан шебінде жүрген майдангерлерге азық – түлік, киім – кешек жөнелтіп отырды. Еңкейген қария, еңбектеген балаға дейін қара жұмыстың қақ ортасында жүрді. Олар тәуелсіз мемлекет атанғаннан кейін Тыл ардагерлері деген атаққа ие болды. Біздің өңірде 19 тыл ардагерлері бар.

Сұрапыл соғыс кезінде күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылды. Әлсін – әлсін жерге түскен снарядттардың дүрсілінен шошынды. Тағдырдың басқа салғанына көніп, аман қалудың емес болашақ ұрпақтың бейбіт күнде өмір сүрулерін тіледі. Көзсіз ерлік пен тынымсыз еңбектің арқасында жеңіске жетті. Түнерген бұлттан кейін нұрын шашып күн шықты. Жер беті нұрланып, елдің еңсесі көтерілді. Майдангерлер елге оралды. Қаза тапқандарға туған жер топырағы бұйырмайды. Әлемді дүрсілкінткен Ұлы Отан соғысы мәңгілік ел есінде қалды. Біз батыр бабаларымзға қарыздармыз. Оларға шексіз құрмет көрсету бүгінгі ұрпақтың басты парызы.

Биыл Ұлы Отан соығының аяқталғанына 80 жыл толды. Осы орайда жергілікті билік өкілдері Тыл ардагерлерінің үйлерін аралап, оларды мерекемен құттықтап, кеуделеріне мерекелік төсбелгі тақты. Сондай – ақ, азық – түлік салынған қоржын табыстады. Ардақты ардагерлер бастарынан өткен қиындықтарды әңгімелеп, естен кетпес естеліктерімен бөлісті. Егде тартқан қариялар бір марқайып қалды. Елдің атқа мінер азаматтарына алғыстарын айтты.

Байбатыр АХМЕТБЕК

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Жангелдин ауданында тоғыз ауылда ветеринариялық пункт салынып жатыр

Биыл Жангелдин ауданында мал шаруашылығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ветеринариялық қызметтің қолжетімділігін арттыру бағытында жұмыстар…

21 минута назад

Қамыстыда оқушылар жеміс ағаштарын отырғызды

Қостанай облысында «Менің аулам – менің бағым» жобасы аясында мектеп аулалары жеміс бағына айналып келеді.…

2 часа назад

Жангелдин ауданында үш ауылда медициналық пункт салу жоспарланып отыр

Торғай өңірінде хирург пен фельдшер мамандарына сұраныс бар. Алдағы екі жылда Тәуіш, Көкалат және Ақшығанақ…

2 часа назад

Денисовтың Қырым ауылында бір отбасы иесіз жерді шағын баққа айналдырды

Қырым ауылының тұрғыны – Старицындер отбасы қайырымдылық жасауға асық тұратын жандар. Айналаны көгалдандырып, қоғам игілігіне…

24 часа назад

This website uses cookies.