Еңбек еленген күн
Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйінде медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында салтанатты жиын өтіп, медицина саласының қызметкерлері марапатталды.
Аудан әкімінің орынбасары Еренбол Алматов, Аудандық мәслихат төрайымы Анар Ержігітова, «Amanat» партиясының Жангелдин аудандық филиалының төрағасы Ғабит Сүндетбаев, аудандық ауруханасының бас дәрігері міндетін атқарушы Эльмира Маметова аталмыш сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, жылы лебіздерін арнады.
Сонымен қатар мереке қарсаңында қызметтеріне адал, абыройлы жұмыс атқарып жүрген бірқатар қызметкерлер марапатталды. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Алғыс хатын Валерия Нұрпеисова және Ғизат Серікке табыстады. Астана қаласында өткен Денсаулық саласының «Құрметті медицина қызметкері» республикалық байқауының жеңімпазы «Үздік еңбек адамы» төсбелгісімен Ақкөл медициналық пунктінің акушері Гулсайран Мұқанова наградталады. Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының Құрмет грамотасы және алғыс хаты, Қостанай облысының «Жедел жәрдем» бөлімінің Кәсіподақ ұйымының Алғыс хаты және аудан әкімі мен аудандық аурухана басшысының құрмет грамотасы бірқатар қызметкерлерге табысталды. «Медицина саласы қызметкерлері күніне» орай халыққа қызмет көрсетудегі еңбегі үшін «Аманат» партиясының Жангелдин аудандық филиалының төрағасы Ғабит Көдебайұлы жас мамандар Айдана Ерсұлтан мен Алтынай Ақтасқа алғыс хат тапсырды. Салтанатты жиын мәдениет үйі қызметкерлері дайындаған мерекелік концертпен жалғасты. Сонымен қатар медицина саласының қызметкерлеріде ән салып кештің сәнін келтірді.
Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ
Сельхозтоваропроизводители Камыстинского района завершают уборочную кампанию. (далее…)
Жангелдин ауданында жыл басынан бері қаржылық алаяқтық бойынша бір қылмыстық іс тіркелген. (далее…)
Қамысты ауданында заманауи «Қамысты Арена» дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Жаңа нысанда бүгінде жүзден астам…
Қазақстандық білім беру саласының басымды бағыттарының бірі – инклюзивтік. (далее…)
Как сообщила пресс-служба Департамента полиции, по факту ДТП на автодороге «Костанай — Алматы — Екатеринбург»,…
Первый Международный Сабантуй на Южном Урале объединил традиции, современную культуру и представителей четырёх государств. 13…
This website uses cookies.