Орынды ұсыныстар айтылды
Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйінде аудан әкімі Дінмұханбет Бидашев және Торғай ауылының әкімі Кемеңгер Қарағұлұлы халықпен кездесіп, атқарылған жұмыстарын баяндады. Жиын барысында өзекті мәселелер талқыланды. Атқарылған ауқымды жұмыстарды ауыл әкімі өз баяндамасында толығымен қамтып өтті. Тұрғындар көкейлерінде жүрген сауалдарын жолдап, тұшымды жауап алды. Сонымен қатар, аудан ардагерлері жаңа қызметін бастаған аудан әкіміне жылы лебіздерін білдірді. Алдағы уақытта ауданның алға қарай ілгерілеуі мен халықтың ұсынысына құлақ асатын билік ретінде халықпен бірге тығыз жұмыс жасау керектігін тілге тиек етті.
«Алда атқарылар жұмыс көп. Сіздердің ұсыныс пікірлеріңізді ескере отырып, бірге жақсы жұмыс жасаймыз деген ойдамын. Биыл ауданымызда М.Дулатұлының 140 жылдық мерейтойы Республика көлемде аталып өтілетін болады. Соған орай, облыстың шешімімен жоспарда атқарылу керек көптеген жұмыстар тұр. Одан бөлек тұрғындар болып ауыл тазалығын қолға алып, кәсіпкерлер ғимарат сырттарын қалыпқа келтіру, жаңарту жұмыстарын жүргізу қажет »,-деді аудан басшысы.
Жиын соңында Кемеңгер Қарағұлұлы қоғамдық жұмыста жүрген еңбек адамдарын марапаттады. Жұмыстың қиындығына қарамастан өз маңдай терлерімен, адал нандарын тауып жүрген еңбек адамдары қашанда құрметке лайықты екенін тілге тиек етті.
Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ
За два дня участниками традиционной акции по забору донорской крови стали 75 человек, пожелавших внести…
Об этом было завлено на аппаратном совещании акима области. (далее…)
В Камыстинской средней школе № 1 начали формировать агрокласс, который объединит растениеводство, инженерное дело и…
Биыл Жангелдин ауданында мал шаруашылығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ветеринариялық қызметтің қолжетімділігін арттыру бағытында жұмыстар…
Қостанай облысында «Менің аулам – менің бағым» жобасы аясында мектеп аулалары жеміс бағына айналып келеді.…
Торғай өңірінде хирург пен фельдшер мамандарына сұраныс бар. Алдағы екі жылда Тәуіш, Көкалат және Ақшығанақ…
This website uses cookies.