Ән көңілдің ажары
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында тұрғындарға көңіл күй сыйлау үрдісі жүзеге асып жатыр.
Күні кеше аудандық жер бөлімі мен ішкі саясат және жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Мерген» саябағында мәдени көпшілік іс шара өтті.
«Демалыс күндері мәдени іс шараның үнемі ұйымдастырып отыруды дәстүрге айналдырамыз. Әрине жаз айларында. «Таза Қазақстан» жалпұлттық эколониялық акция төңірегінде көптеген іс – шаралар жоспары бар. Солардың бірі мекемелердің басын біріктіріп, аудан орталығындағы саябақтарда көңілді кеш ұйымдастыруды қолға алдық. Жоспарға сәйкес, жүйелі жұмыстар жүргізілік келеді. Сөздің шындығы керек, мәдениет үйінде өтетін мерекелік шараларға аудан тұрғындарының қатысу өте аз. Екі жүз адамдық көрермендер залын толтыру қиын. Сол себепті саябақтарда әртүрлі деңгейде іс – шара ұйымдастыруды қолға алдық. Арасында ауыл, ауылдық округтердегі клубтар мен мектептерде келіп, аудан орталығына концерт қойып кетіп жүр. Біз ослыайша халықтың өнерге деген белсенділігін арттырамыз», – дейді мәдениет бөлімінің басшысы Жанар Асанханқызы.
Сонымен қатар, балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды насихаттау, көңілді әрі танымдық шараға қатысушылар белсенділік танытып, өз білімдері мен ептіліктерін сынауды жүзеге асырады. Тек қана әуезді ән айталмайды. Кеш барысында қызықты ойындар ойнатылып, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтеді. Жеңімпаздарды бағалы сыйлықтармен марапаттайды.
Байбатыр АХМЕТБЕК
За два дня участниками традиционной акции по забору донорской крови стали 75 человек, пожелавших внести…
Об этом было завлено на аппаратном совещании акима области. (далее…)
В Камыстинской средней школе № 1 начали формировать агрокласс, который объединит растениеводство, инженерное дело и…
Биыл Жангелдин ауданында мал шаруашылығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ветеринариялық қызметтің қолжетімділігін арттыру бағытында жұмыстар…
Қостанай облысында «Менің аулам – менің бағым» жобасы аясында мектеп аулалары жеміс бағына айналып келеді.…
Торғай өңірінде хирург пен фельдшер мамандарына сұраныс бар. Алдағы екі жылда Тәуіш, Көкалат және Ақшығанақ…
This website uses cookies.