Жанкелдин ауданында соғыс ардагері тұрған үйге ескерткіш тақта қойылды

Соғыс және еңбек ардагеріне құрмет

Ұлы Отан соғысының ардагері және еңбек ардагері Қапар Төртбайұлының 100 жылдығына арнап, өзі тұрған үйінің қабырғасына мемориалдық ескерткіш тақта қойды. Айтулы іс – шараның ұйымдастырушылары соғыс ардагерінің ұрпақтары. Мемориалдық ескерткіш тақтаның ашылу салтанатында Жанкелдин ауданының «Құрметті азаматтары» Нүредтен Молдабеков, Жұмақан Садуақасов, Қарсақбай Бірмағанбетов сөз сөйлеп, естен қалған естеліктерімен бөлісті.

Қапар Төртбайұлы соғысқа дейін «Соцалистік ауыл» газетінде орта есепші және әріп теруші болып қызмет істеген. 1943 жылы Отан алдындағы борышын өтеу үшін Челябинск облысы Шұбаркөл – Зластук лагерінде болған.

«1943 жылы қырқүйек – 1948 жылы мамыр Ұлы Отан соғысына қатысып, 6 жыл бойы соғыстың ауыр кезеңдерін бастан өткізген. Ұлы Отан соғыс кезінде, Украинамен Белорус республикаларын азат ету, Варшаваны алу, Прага мен Кенигсбергті азат ету, Берлинді алу соғыс операцияларына, №2 Украин фронты бойынша қатынасқан. Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерекше ерліктеріне байланысты «ІІІ-Данқ» ордені, Варшаваны алу, Прагамен Кенигсбергті азат ету медалі «За Отвагу», Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс медалімен нагарадталған. 1949 жылы қаңтар айы – 1951 жылы ақпан айларында Аудандақ Комсомол комитетінің секретары. 1951-1956 жылдары Аудандық партия комитетінің инстукторы қызметін атқарды.1950-1960 жылдары Жангелдин ауданы райпотребсоюз мекемесінің сауда бөлімін басқарды.1960 жылы мамыр – 1963 жылдары Тортбаев Қапер ауданның ХХІ-партсъез совхозының жұмысшылар комитетін басқарды.1963 жылы шілде айы – 1968 жылы қазан айларында совхоздың №5 бөлімшесінде мал маманы-зоотехник міндетін атқарған», – дейді ұлы Абзал Төртбаев.

Тортбаев Қапер 1980 жылы қазан -1984 жылдары аудандық райпотребсоюздық «Оптовый» базаның қойма меңгерушісі жұмысынан, 1985 жылы шілде айында зейнеткерлікке шықты. Адал еңбек, озық білім, өмірлік тәжірибе арқасында, өзі қызмет атқарған уақытында басқару орындарынан жазалау алмаған. Әр салада жұмыстар атқарған ортада , ағайын туыстарға қамқорлық көмектері ерекше болған. Өзі туған аудан орталығында №16 Октябрь (қазіргі Кейкі – батыр) көшесіндегі үйінде 25 жыл тұрған. 2001 жылы қаңтар айында дүниеден озды. Артында жары , ұрпақтары , немере – шөберелері қалды.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Камыстинские волейболисты победили на турнире в Актюбинской области

Турнир, посвященный воину-интернационалисту войны в Афганистане Кожабеку Колданову, прошел 7 мая в Айтекебийском районе. В…

9 часов назад

Қамыстыдан шыққан қайсар жан ардагер Әбілқайыр Борамбаевты ұрпағы мақтан тұтады

Соғыс жылдарының ауыртпалығын көтеріп, бейбіт күннің берекесін еңбегімен еселеген жандар – кейінгі ұрпақ үшін өшпес…

9 часов назад

Қамыстыда тұрғын үй құрылысы қарқын алды

48 пәтерлік екі тұрғын үйді пайдалануға беріледі. (далее…)

1 день назад

Праздник мужества и чести: в Аулиекольском районе отметили День защитника Отечества

В районном Доме культуры состоялось торжественное мероприятие, посвященное Дню защитника Отечества Республики Казахстан. (далее…)

2 дня назад

«Помните!»: ленты Победы раздали студентам и ученикам школ Костанайского района

Ребята с благодарностью отметили, что чтят память своих предков. Об этом пишет "Наш Костанай"  (далее…)

2 дня назад

This website uses cookies.