Тазалық табалдырықтан
Аудан орталығындағы Салғарин көшесінен өтіп бара жатып, шашылған күл қоқысты көзім шалды. Бұл әрине сол маңдағы тұрғындардың әрекеті. Қораның арты болса да жол бойы деп мән бермеген сияқты. Қазір барлық өңірде “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы жүзеге асып жатыр. Бұл біріншіден өңірдің тазалығы үшін екіншіден ауаның ластанбауына жол бермейді. Кейбір тұрғындардың түсінігінде, сенбілікке тек мекеме, кәсіпорын қызметкерлері ғана сияқты.
“Тұрғындардың сенбілік жұмыстарына деген құлшыныс байқалмайды. Тым болмаса аула сыртын қоқыстан тазалауға да мойындары жар бермейтін сияқты. Тазалық жұмыстарына тұрғындар да атсалысса, еш артықшылығы болмас еді. Біз көше бойын жинағанда маңайындағы барлық қоқысты тазалаймыз. Кей адамдар қасақана қоқыс төгіп, сендердің міндеттерің дегендей қылық танытады. Туған жердің тазалығы баршаға міндет. Жаппай сенбілікке қарапайым тұрғындар да шықса, өңіріміздің өңі кірер еді”,-дейді Торғай ауылы әкімшілігінің ұжымы.
Тазалық табалдырықтан басталады. Осы сөзді санасына сіңірген адам, елінің ертеңі үшін қандай жұмыс болса да білек түріп кірісер еді. Бірақ ондай белсенділік байқалмай тұр.
Байбатыр АХМЕТБЕК
Биыл Жангелдин ауданында мал шаруашылығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ветеринариялық қызметтің қолжетімділігін арттыру бағытында жұмыстар…
Қостанай облысында «Менің аулам – менің бағым» жобасы аясында мектеп аулалары жеміс бағына айналып келеді.…
Торғай өңірінде хирург пен фельдшер мамандарына сұраныс бар. Алдағы екі жылда Тәуіш, Көкалат және Ақшығанақ…
Қырым ауылының тұрғыны – Старицындер отбасы қайырымдылық жасауға асық тұратын жандар. Айналаны көгалдандырып, қоғам игілігіне…
Не успели, как говорится, отгреметь фанфары по поводу поездки в Пакистан, а уже новые, яркие…
Пилотный проект начали реализовывать с начала года. (далее…)
This website uses cookies.