Жанкелдин ауданында тазалық жұмыстарына мән берілуде

Ұжымдық сенбілік

Жанкелдин ауданыда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен бастау алған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жүзеге асырылуда. Ауқымды бағдарламаның негізгі мақсаты — халықтың экологиялық мәдениетін арттыру, қоршаған ортаны қорғау, сондай-ақ елді мекендердегі санитарлық тазалықты жақсарту.

Осы игі бастама аясында Жангелдин ауданында да жүйелі әрі белсенді жұмыстар қолға алынуда. Аудан әкімдігі арнайы іс-шаралар жоспарын бекітіп, ауыл-аймақтарда жалпыхалықтық сенбіліктер, санитарлық тазарту жұмыстары мен экологиялық акцияларды ұйымдастыруда. Бұл ретте тұрмыстық қалдықтар төгілетін полигон аймақтарын ретке келтіру жұмыстары басты назарда тұр. Акцияға белсене араласқан аудан тұрғындары, мекеме қызметкерлері мен еріктілер бірігіп, аудан маңындағы қалдықтар полигонын тазартуға шықты. Бұл шараға аудан басшылығы да белсене атсалысты. Бірнеше техника мен жұмыс күші жұмылдырылып, аймақ қоқыстан тазартылды. Аудан әкімінің орынбасары Еренбол Алматов акция барысында сөз сөйлеп, тұрғындарды қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға шақырды:

«Біз бұл бағдарламаны уақытша науқан ретінде емес, халықтың санасына сіңетін тұрақты экологиялық мәдениет ретінде қарауымыз керек. Таза орта — денсаулық кепілі. Бүгінгі бастама — келешек ұрпаққа жасалған қамқорлық. Жангелдин ауданы бұл бағытта белсенділік танытып келеді. Барша тұрғындарды қоршаған ортаны таза ұстауға шақырамын»,— деді аудан әкімінің орынбасары.

Сонымен қатар, тазалық жұмыстары барысында қатысушыларға қоқысты сұрыптау, қайта өңдеудің маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аудан жастары мен еріктілер бастаманы қолдап, акцияның бел ортасынан табылды. Аудан жұртшылығы «Таза Қазақстан» бағдарламасының ел болашағы үшін маңызы зор екенін жақсы түсінуде. Бұл жоба — жай ғана сенбілік емес, қоршаған ортаны аялап, табиғатқа жанашырлықпен қарауға үндейтін ұлттық сипаттағы бастама. Осы орайда аудан тұрғындарының белсенділігі мен ынтымақтастығы айқын көрініс тапты.Экологиялық мәдениетті қалыптастыру — тек билік органдарының емес, әрбір жанның азаматтық борышы. Тазалықты ең алдымен әр азамат өз ауласынан бастаған абзал. Қоршаған ортаға қамқорлықты, таза ұстауды көріп өскен әр жеткіншек бойына жақсы әдет қалыптастырады. Акция аясында әр жұма күні демалыс саябақтарында концерттік бағдарламалар, спорттық шаралар мен түрлі ойындар ұйымдастырылып отырады.

Ұйымдастырушылар тұрғындарды акцияға белсенді қатысуға шақыра отырып, уақыттарын қызықты өткізуге аса мән береді. Мұндай шаралар экологиялық тәрбиенің негізі болып қала береді. Алдағы уақытта «Таза Қазақстан» акциясы аясында жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табатын болады.

Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Не только про законы, но и про реальную помощь: в Денисовском районе прошла акция Мүмкіндік

24 июля в селе Денисовка прокуратура района вместе с отделом соцзащиты провели очередную правовую акцию.…

3 часа назад

18 новых двухквартирных жилых домов строят в селе Камысты

На въезде в районный центр ведется строительство 18 новых двухквартирных жилых домов общей площадью 2…

5 часов назад

Камыстинцы стали чемпионами Костанайской области по бирманскому боксу

В Костанае состоялся чемпионат Костанайской области по бирманскому боксу, собравший спортсменов из городов и районов…

8 часов назад

Аулиекольский хореографический ансамбль «Жұлдыз» выиграл путевку на Кавказ

Это стало возможным благодаря победе на международном конкурсе в Актау. (далее…)

9 часов назад

Школьники Камыстинского района стали финалистами республиканской олимпиады IQanat

В Алматы прошел финальный этап республиканской Олимпиады IQanat -одного из крупнейших образовательных проектов Казахстана, направленного…

10 часов назад

За бесперебойной работой железнодорожной магистрали стоит профессионализм коллектива Пресногорьковской станции

О Пресногорьковской железнодорожной станции Казахстанских железных дорог, которая находится в северо-восточной части Узункольского района, мало…

10 часов назад

This website uses cookies.