Жанкелдин ауданындағы мектеп оқушылары жазғы демалыс уақыттарын тиімді өткізетін болады

Жайдарлы жаз демалысы

2024 – 2025 оқу жылы аяқталды. Енді оқушылардың жазғы демалыс уақыттарын тиімді өткізу үшін аудан көлемінде қандай шаралар қабылданып жатыр. Осы орайда, аудандық білім бөліміне хабарласып, мән – жайды анықтадық.

2025 жылдың жаз мезгілінде оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу, қауіпсіз және пайдалы демалысын ұйымдастыру, олардың шығармашылығын, мәдени-көркем, спорттық және танымдық қабілеттерін дамыту мақсатында білім бөлімінің 2025 жылғы 5 мамырдағы №215 бұйырығымен кешенді «Жаз – 2025» бағдарламасы енгізілген екен. Яғни 2 – 20 маусым, 30 маусым мен 18 шілде және 28 шілді мен 8 тамыз аралығында оқушылар демалыс лагеріне барады. Бастауыш сыныптар бойынша 936 оқушының жазғы демалыс орындарына жіберу үшін 4938,0 мың теңге қаржы бөлінген. Енді оқушылар қай жақта демалады. Бұл жөнінде аудандық білім бөлімінің басшысы мәлімдеді.

«Әлеуметтік тапсырыс аясында Перекресток» қоғамдық қорымен 2025 жылы 26 наурызда № 91 келісім шарт жасалып, 9-13 маусым аралығында аудан бойынша ерекше білім беру қажеттіліктері бар, сонымен қатар, үйден оқитын 6 оқушы ата-анасымен Қостанай қаласында орналасқан «Хатико» лагерінде демалады. 2-21 маусым аралығында Алматы облысы Қонаев қаласындағы «Балдәурен» сауықтыру ортылығына Ы.Алтынсарин, Ш.Уалиханов және Н.Г.Иванов мектептерінің 5 оқушыға жолдама берілді. Қостанай қаласындағы Алтынсарин аудынындағы «Болашақ» сауықтыру орталығына 100 балаға мемлекеттік сатып алу бойынша жолдама алынды. 8-18 тамыз аралығында барады. Бөлінген қаржы: 5500,0 мың тенге Бөлінген қаржы және жолдама Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының қосымша білім беру орталығынан», – дейді білім бөлімінің басшысы Абай Қасымұлы.

«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен 14 «Үздік оқушы» облысқа қарасты «Балдәурен» республикалық сауықтыру лагерінде тегін демалады екен. Сонымен қатар, оқушылар маусым – тамыз айларында аудан өңіріндегі тарихи орындарға саяхат жасайды. Қосымша білім беру ұйымдарынан өнер мектебі жазғы демалыс уақытында оқушылардың қосымша біліммен қамтамасыз ету үшін «Жазғы домбыра мектебі», «Жазғы би мектебі», «Жазғы қолданбалы өнер мектебі», «Жазғы ән мектебі» үйірмелерін ұйымдастыру жоспарланған. Бұл іс – шараға Б.Хамзин атындағы өнер мектебі мұрындық болады.

Байбатыр АХМЕТБЕК

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Торғайда өткен «Күй керуені» ұлт рухын тербетті

Ұлттық өнер – халықтың жадын жаңғыртып, рухын асқақтататын асыл қазына. (далее…)

17 часов назад

Ұлттық ресурстардан түсетін табыс болашақ ұрпақты қолдауға бағытталады

«Ұлттық қор – балаларға» бастамасы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына 2022 жылғы…

19 часов назад

В десяти областях Казахстана работают мониторы на стадии досудебного расследования

Как известно, стадия уголовного досудебного расследования начинается с регистрации заявления, сообщения об уголовном правонарушения. (далее…)

19 часов назад

Причинённый киберпреступниками ущерб карасулянам составил 61 312 495 тенге

Такие данные озвучены в Карасуском отделе полиции во время проведения заседания круглого стола. (далее…)

20 часов назад

Жас маман еңбек жолын Торғайдағы Ақкөл ауылынан бастады

Еңбектің жалынына шыдап, маңдай терімен күнкөріс қамын жасап жүрген әр маманның қоғам алдындағы жауапкершілігі өлшеусіз.…

22 часа назад

В рамках социально-правовой акции «Мүмкіндік» в Мендыкаринском районе прошла встреча с лицами, чьи возможности по ряду причин ограничены

В мероприятии приняли участие прокурор Мендыкаринского района Ерлан Сарсенов, глава района Габит Бекбаев и представители…

24 часа назад

This website uses cookies.