Қарапайым халықта белсенділік жоқ
Өткен апта Тәуіш ауылындағы “Татыр” көлінде қырылып, жағаға шығып қалған балықтарды жергілікті билік өкілдері қаппен жинап, арнайы орынға тастады. Ауыл халқы бұл мәселеге бас қатырғысы келмейді. “Аулатпаған өздері бізге қатысы жоқ” деп кері тартып отыр. Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес, барлық мекеме қызметкерлері көл жағасын өлген балықтан тазалауға кетті.
“Татыр көлінің жағасында өлген балықтв табу туралы алынған ақпарат бойынша”Тобыл- Торғай облысаралық балық шаруашылығы бассейіндік инспекциясы” РММ, “Алтын дала” мемлекеттік табиғи резерваты мемлекеттік мекемесі және жергілікті билік өкілдері өлген балықты жинау, жою бойынша жұмыс жүргізіп жатыр”, — деп ҚР АШМ балық шаруашылығының өкілдері хабарлады.
Ал, ауыл халқы бар кінәні жергілікті полиция өкілдеріне тағып отыр. Қыс- жазы балық аулатпайды деген сөзді алға тартуда. Полиция өкілдері бұған дейін заңнамаларға сәйкес, бір адам 5 кг балық аулауға болатыны жөнінде түсінік жұмыстарын жүргізген. Бірақ тұрғындар ау құрып, тонналап балық аулағасы келеді екен. Бұл әрине заңға қайшы. Айтпақшы, балықтардың не себептен қырылғанын анықтау үшін аталмыш көлден химиялық талдау үшін су сынамалары алынды. Нәтижесін алдағы уақытта білетін боламыз.
Байбатыр АХМЕТБЕК
Об этом сегодня, 18 марта, в ходе инспектирования медицинского объекта сказал аким области Кумар Аксакалов.…
Когда село пустеет, а статус административной единицы упраздняется, на торги выставляются последние свидетельства былой жизни…
Ұзынкөл ауданында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі әлеуметтік жобасы аясында кезекті кездесу өтті. (далее…)
«Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», - деп бекер айтылмаса керек. (далее…)
Соответствующие данные опубликовали на сайте Управления ветеринарии региона. (далее…)
25 ақпан мен 2 наурыз аралығында Қызылорда қаласында 2012 жылы туған қыздар арасында бокстан Қазақстан…
This website uses cookies.