Қауіпсіздік үнемі назарда
Қазіргі таңда кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық белең алып тұр. Технология дамыған заманда әлеуметтік желіден көргендерін жасап, үлкендер кішіге әлімжетілік көрсетіп, тепкінің астына алып жатқанын әлеуметтік желіден көріп жүрміз. Әзірге бұндай сорақылық біздің өңірде жоқ. Ішімдік ішіп, электронды темекі шегіп, беймезгіл уақытта көшеде жүрген жасөспірімдердің қатары сиреп келеді. Бұл орайда ата – ана мен мектеп психологтары балалармен тығыз байланысты болған абзал. Жергілікті полиция өкілдері де қырағы болған ләзім. Мектеп оқушыларына түсінік жұмыстарын жүргізіп, қылмыстың алдын – алу мәселесіне ден қойған жөн.
Жуырда аудандық прокуратураның өкілдері «Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жобасының аясында аудан мектептерін аралады. Олар бастауыш сынып оқушыларымен кездесіп, оқыту – жаттығу тренингін ұйымдастырды.
«Тренинг барысында жол қозғалысы ережелерін бұзудың салдары, тоқ ұру қаупі, өрттің шығу себептері, биіктіктен құлау және бөгде адамдар тарапынан балаларды ұрлау сияқты өзекті тақырыптар қамтылды. Әрбір жағдай нақты мысалдар арқылы түсіндіріліп, балалардың түсінуіне жеңіл әрі әсерлі түрде жеткіздік. Балалар оқыту-жаттығу барысында өмірлік маңызы зор, құнды мәліметтермен танысып, өздерін түрлі қауіпті жағдайларда қалай ұстау керектігін үйренді. Іс-шара оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және төтенше жағдайларда дұрыс әрекет етуіне бағытталған маңызды қадам болды», – дейді аудан прокуроры, аға әділет кеңесшісі Тұрар Жүсіпов.
Іс-шара барысында балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау, төтенше жағдайлардың алдын – алу және алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын үйрету бойынша мағлұмат берді.
Байбатыр АХМЕТБЕК
Об этом сегодня, 18 марта, в ходе инспектирования медицинского объекта сказал аким области Кумар Аксакалов.…
Когда село пустеет, а статус административной единицы упраздняется, на торги выставляются последние свидетельства былой жизни…
Ұзынкөл ауданында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі әлеуметтік жобасы аясында кезекті кездесу өтті. (далее…)
«Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», - деп бекер айтылмаса керек. (далее…)
Соответствующие данные опубликовали на сайте Управления ветеринарии региона. (далее…)
25 ақпан мен 2 наурыз аралығында Қызылорда қаласында 2012 жылы туған қыздар арасында бокстан Қазақстан…
This website uses cookies.