Жанкелдин ауданының әлеуметтік сала қызметкерлері зейнеткер анаға көмек көрсетті

Қайырымдылықтың қайтарымы бар


Қарапайым болу адамда туа біткен қабілет. Қызметін адамгершіліктен биік санамау кез-келген жанның қолынан келеді деуге келмесі анық. Күні кеше аудандық әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қызметкерлерінің жасаған ісіне қарап осындай ойға келдім. Әлеуметтік қызметкерлер Гүлбаршын Марқабайқызы мен Қадірғали Әбдіқапардың жалғыз басты қарт кісіге қол ұшын беріп жасаған көмегін екінің бірі жасай бермейді. Әлеуметтік қызметкерлерге зейнеткер Сәуле Құрамысова ақ батасын беріп ризашылығын жеткізді:
« Мемлекеттің әлеуметтік саясатын іске асыруда, халықтың әл-ауқатын арттырып, қоғамдағы әлсіз топтарға қолдау көрсету ісінде еңбек етіп жүрген жандардың еңбегі қашан да құрметке лайық. Осындай ауқымды да жауапты міндетті абыроймен атқарып жүрген мекемелердің бірі – “Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” мемлекеттік мекемесі.Осындағы әрбір қызметкердің кәсібилігі мен жауапкершілігі, жанашырлыққа толы адамгершілік қасиеттері мекеменің күнделікті тыныс-тіршілігінде айқын көрініс тауып отыр. Күні кеше аталмыш мекеменің әлеуметтік қызметкерлері Гүлбаршын Әбдіғапарова мен Кәдірғали Әбдіқапар келіп біраз жұмыстарымды тиянақтап қолбағабыс жасады. Үйімді ақтап, сыртын қалыпқа келтіріп, құлаған қақпаларды түзетіп, үй маңындағы қоқысты сыртқа шығарып, тезек құйып қысқа дайын болсын деп одан бөлек дүкендегі азық түліктерімді үйге жеткізіп орналастырып берді. Жалғыз басты егде адам үшін жақынымнан көрмеген бұндай қолдауды алыстағы адамдардан көру жүрекке жылылық ұялатады. Қоғамда осындай өз істеріне адал , мейірімге толы қызметкерлер барына көзім жетті. Осы орайда мекеме басшысы Шоқан Оспановқа, сала қызметкерлеріне ризашылығымды жеткізгім келеді»,-дейді зейнеткер.


Әлеуметтік қызметкерлер Гулбаршын Марқабайқызы аталмыш салада қызмет етіп келе жатқанына 10 жылдан аса уақыт өтті. Қадырғали Әбдіқапарұлы 6 жылдық тәжірбиесі бар маман. Олар халықпен етене жұмыс істеп, әрбір азаматтың әлеуметтік құқықтарын қорғауға, оларға қажетті көмек пен қолдау көрсетуге үлкен жауапкершілікпен қарайды. Қиындығы мен жауапкершілігі қатар жүретін бұл салада табандылық пен төзімділік, жанашырлық пен сезімталдық аса қажет. Бұл қасиеттер мекеме қызметкерлеріне тән.

Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

В Карасуском районе прошёл День донора

За два дня участниками традиционной акции по забору донорской крови стали 75 человек, пожелавших внести…

9 часов назад

Костанайская область лидирует по уровню цифровизации промышленности в стране

Об этом было завлено на аппаратном совещании акима области. (далее…)

10 часов назад

В Камыстинском районе открыли агроклассы

В Камыстинской средней школе № 1 начали формировать агрокласс, который объединит растениеводство, инженерное дело и…

10 часов назад

Жангелдин ауданында тоғыз ауылда ветеринариялық пункт салынып жатыр

Биыл Жангелдин ауданында мал шаруашылығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ветеринариялық қызметтің қолжетімділігін арттыру бағытында жұмыстар…

10 часов назад

Қамыстыда оқушылар жеміс ағаштарын отырғызды

Қостанай облысында «Менің аулам – менің бағым» жобасы аясында мектеп аулалары жеміс бағына айналып келеді.…

12 часов назад

Жангелдин ауданында үш ауылда медициналық пункт салу жоспарланып отыр

Торғай өңірінде хирург пен фельдшер мамандарына сұраныс бар. Алдағы екі жылда Тәуіш, Көкалат және Ақшығанақ…

12 часов назад

This website uses cookies.