Жас спортшыларға зор мүмкіндік береді
Қазақ спорт және туризм академиясы мен «Halyk» қайырымдылық қоры ауыл спортын дамыту мақсатында «Auyl sport» жобасын жүзеге асыруды қолға алғаны белгілі.
«AUYL SPORT-2024» өңірлік жобасы бұқаралық спорттың дамуына септігі мол. Ауыл балаларын спортқа тарту, ауылды жерлердегі жаттықтырушылардың біліктілігін арттыруға бағытталған бірегей жоба алғаш рет облыс орталығында бастау алды.
«Жоба аясында спорттың 6 түрі бойынша аудан – облыс – республикалық деңгейде турнирлер ұйымдастырылды. Волейбол, баскетбол, шахмат, бокс, еркін күрес спорт түрлерінен өткен лигаға аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің балалары қатысты. Волейбол ойынына қатысқан 8 команданың ішінен жерлестеріміз бірінші орынды жеңіп алды. Ал, қыз балалар командасы үшінші орынды місе тұтты. Бокстан 57 кг салмақ дәрежесінде Нұрәділ Жұмахан бірінші орынды иеленді. Жүлделі орын алған ұлдар командасы мен бокс жеңімпазы Алматы қаласында өтетін «AUYL SPORT-2024» өңірлік жобасының республикалық лигасына жолдама алды», – дейді жаттықтырушы Рүстем Нығымет.
Қазіргі таңда Олимпиадаларда, әлемдік чемпионаттарда, өзге де халықаралық додаларда жеңімпаз, жүлдегер атанып жүрген даңқты спортшыларымыздың басым бөлігі ауылдан шыққан. Олар бүгінде ел намысын түрлі ареналарда адал қорғап жүр. Сондықтан, ауыл балаларын қолдауға спортқа бейімдеуге басымдық берілгені көңілге қонымды.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Об этом сегодня, 18 марта, в ходе инспектирования медицинского объекта сказал аким области Кумар Аксакалов.…
Когда село пустеет, а статус административной единицы упраздняется, на торги выставляются последние свидетельства былой жизни…
Ұзынкөл ауданында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі әлеуметтік жобасы аясында кезекті кездесу өтті. (далее…)
«Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», - деп бекер айтылмаса керек. (далее…)
Соответствующие данные опубликовали на сайте Управления ветеринарии региона. (далее…)
25 ақпан мен 2 наурыз аралығында Қызылорда қаласында 2012 жылы туған қыздар арасында бокстан Қазақстан…
This website uses cookies.