Жанкелдин ауданының жас домбырашысы облыстық байқауда бас жүлдеге ие болды

Қос ішектен күй төгілді

Амангелді ауданында облыстық «Қанатты домбыра» атты жас домбырашылардың байқауы өтті. Аталмыш байқау алғаш рет 2023 жылы ұйымдастырылған болатын. Жерлестеріміз Айназ Қарағұл бас жүлде, Орманбек Жанбота жүлделі бірінші орынды алған еді. Араға екі жыл уақыт салып, «Қанатты домбыра» байқауын қосымша білім беру ұйымдарының жылдық жоспарына енгізіп, енді аталған байқау дәстүрлі түрде жыл сайын білім беру ұйымдарының ұйымдастыруымен өтетін болады.

Амангелді ауданының білім бөлімі «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының «Шабыт» жобасы аясында «Қанатты домбыра» жас домбырашылардың І облыстық байқауы жоғары дәрежеде өтті. Дәстүрлі қазақ музыкасын дамыту, өскелең ұрпақ пен жастар арасында ұлттық төл өнерді насихаттау мақсатында өткен байқауға Қостанай, Арқалық қаласы, Алтынсарин, Жангелдин, Әулиекөл, Науырзым, Амангелді, аудандарының өнерпаздары жас ерекшеліктеріне қарай 10-13 және 14-17 жас аралығында өнер көрсетті.

Амангелді ауданының әкімі Қанат Кеделбаев, білім бөлімінің басшысы Мұрат Дихамбаев шараға арнайы қатысып, жылы лебіздерін білдіріп, өнерпаздарға сәттілік тіледі.

Байқау барысында жас өнерпаздардың өнеріне «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты , Мәдениет саласының үздігі, композитор, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Анар Мұздаханова арнайы Астана қаласынан келіп баға берумен қатар, «Тархан баба» күйінің орындалуы бойынша жетекші ұстаздар мен оқушыларға шеберлік сағат өткізді.

Байқау ережесіне сәйкес үміткерлер Тобыл – Торғай өңірі күйшілерінің шығармалары бойынша өз шеберліктерін көрсетіп, жүлдегер оқушылар мен дайындаған ұстаздары Қостанай облыстық білім басқармасының мадақтамаларымен марапатталды.

Аталған байқауға Б. Хамзин атындағы өнер мектебінің төрт оқушысы қатысып, бақ сынады. 10-13 жас жас ерекшелігі бойынша Жанбота Орманбек бас жүлдеге ие болды. Жетекшісі Арайлым Әлібаева. Байқауда Н.Ахметбековтың «Июнь жарлығы», Қ.Әбіштің «Саржайлау» күйін асқан шеберлікпен орындады. Анар Айтбайқызыда марапат барысында Жанботаның шеберлігін ерекше атап өтіп, өнеріне жоғары баға берді. Кіші топтан өнер көрсеткен Тұрсынбек Қонарбай Анар Мұздаханованың дайындаған арнайы жүлдесін иеленді.

Қазақ руханиятына өлшеусіз үлес қосқан жерлес күйші –композиторлардың шығармашылық еңбектері насихатталған тағылымды шара қазақ халқының рухани мұрасын ұлықтап, күй өнерін жас ұрпаққа насихаттаудың жарқын үлгісі болды. Аталған байқаудың басқа байқаулардан ерекшелігі де осында.

Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Новая поликлиника в селе Заречное откроется уже в ближайшие два месяца

Об этом сегодня, 18 марта, в ходе инспектирования медицинского объекта сказал аким области Кумар Аксакалов.…

37 минут назад

Школу в селе Кусакан в Костанайской области продали

Когда село пустеет, а статус административной единицы упраздняется, на торги выставляются последние свидетельства былой жизни…

51 минута назад

Ұзынкөл ауданында пробация қызметі тізіміндегілердің әлеуметтік қолдауы жалғасуда

Ұзынкөл ауданында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі әлеуметтік жобасы аясында кезекті кездесу өтті. (далее…)

8 часов назад

Меңдіқаралық тұрғын Гүлжан Нұрмұхамбетова – өз шаңырағының шырағы

«Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», - деп бекер айтылмаса керек. (далее…)

1 день назад

Почти 2 миллиона сельхозживотных вакцинировано от ящура в Костанайской области в 2025 году

Соответствующие данные опубликовали на сайте Управления ветеринарии региона. (далее…)

1 день назад

Меңдіқаралық боксшы Амина Сапарбаева Қазақстан чемпионатының жүлдегері

25 ақпан мен 2 наурыз аралығында Қызылорда қаласында 2012 жылы туған қыздар арасында  бокстан Қазақстан…

1 день назад

This website uses cookies.