Жетістікке жеткен жеткіншектер
Қостанай қаласында «Қостанай облысының тоғызқұмалақ федерациясы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен, Қостанай облысының үздіктерін марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты жиынға аудандық балалар жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Қайрат Айтмағанбетов шәкірттері Наргиз Бақыт пен Айлана Айтмағанбетова қатысып келді. «Қостанай облысының тоғызқұмалақ федерациясы» қоғамдық бірлестігінің президенті Ерлан Салықбаевтың шешімімен Қайрат Әбдібекұлы 2024 жылдың «Үздік бапкер», шәкірттері Наргиз бен Айлана «Ең үздік тоғызқұмалақшы» номинацияларымен марапатталып, арнайы мақтау қағазы мен ақшалай сыйақыға ие болды.
«Қостанай облысы бойынша аталмыш номинацияны аудан спортшылары иеленуі, ауданымызда тоғызқұмалақ спортының алда екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Оған тағы бір дәлел Қостанай қаласында өткен тоғызғұлмалақтан бапкер А. Ергалиевті еске алуға арналған қалалық ашық турнир өтті. Оған аудандық БЖСМ спорт мектебінің оқушылары қатысып жақсы нәтижеге ие болды. Аталмыш турнирге Қостанай, Рудный, Феодров, Б.Майлин, Қостанай аудандарынан тоғызқұмалақшылар қатысып өз ара сынға түсті. Нәтижесінде жалпы командалық есепте Жангелдин ауданы жүлделі бірінші орынды жеңіп алды. Бұл аудан үшін үлкен жетістік», – дейді жаттықтырушы
Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ
Об этом сегодня, 18 марта, в ходе инспектирования медицинского объекта сказал аким области Кумар Аксакалов.…
Когда село пустеет, а статус административной единицы упраздняется, на торги выставляются последние свидетельства былой жизни…
Ұзынкөл ауданында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі әлеуметтік жобасы аясында кезекті кездесу өтті. (далее…)
«Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», - деп бекер айтылмаса керек. (далее…)
Соответствующие данные опубликовали на сайте Управления ветеринарии региона. (далее…)
25 ақпан мен 2 наурыз аралығында Қызылорда қаласында 2012 жылы туған қыздар арасында бокстан Қазақстан…
This website uses cookies.