Жанкелдин ауданында діни сауаттылықты арттыру, экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытындағы ақпараттық-насихаттық жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.
Бұл шаралар тұрғындардың діни танымын кеңейтіп, жастар арасында дәстүрлі рухани құндылықтарды насихаттауға бағытталған.
«Жанкелдин ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мәліметінше, дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру тобының 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған 36 іс-шарадан тұратын жоспары бекітілген. Қазіргі таңда жоспар аясында түрлі форматтағы кездесулер мен түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылып келеді.
Аудандық ақпараттық-түсіндіру тобының құрамында алты білікті маман жұмыс істейді. Олар Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы аясында халықпен тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Мамандардың айтуынша, аудан аумағында тіркелмеген діни ұйымдар мен дәстүрлі емес діни ағымдар анықталмаған. Сонымен қатар, діни экстремизм мен теріс пиғылды әрекеттердің белгілері тіркелмеген.
– Ауданда діни әдебиеттер заңсыз таратылмайды. Діни мазмұндағы материалдарды таратуға арналған арнайы орындар мен радикалды идеологиядан зардап шеккен тұлғалар жоқ, – делінген ресми ақпаратта.
Конфессияаралық және ұлтаралық келісімді нығайту, жастар арасында патриоттық тәрбие мен ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында ауданда кездесулер, дөңгелек үстелдер және түрлі түсіндіру шаралары тұрақты өткізіліп келеді.
Кездесулер барысында тұрғындарға деструктивті діни ағымдардың қауіптілігі, интернет желісіндегі күмәнді діни ақпараттардан сақтану жолдары және дәстүрлі рухани құндылықтардың маңызы түсіндіріледі. Әсіресе жастар арасында әлеуметтік желілерде таралатын жалған діни ақпараттарға сыни көзқарас қалыптастыруға ерекше назар аударылуда.
Сонымен қатар аудан орталығындағы LED экрандар арқылы арнайы бейнероликтер көрсетіліп, әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық жарияланымдар тұрақты түрде жарияланып келеді.
Жауапты сала мамандарының айтуынша, биыл ауыл әкімдері мен учаскелік полиция инспекторларынан діни экстремизм немесе терроризмді насихаттау деректері бойынша ешқандай ақпарат түспеген. Қазіргі таңда Жанкелдин ауданындағы діни ахуал тұрақты деп бағалануда.
– Аудан аумағында терроризм және діни экстремизм бойынша жағдай қалыпты. Діни ахуалдың нашарлауына әсер ететін факторлар тіркелген жоқ, – дейді Жанкелдин ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы Айбек Қуанышбекұлы.
Айта кетейік, биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастамасымен «Ислам және адал қоғам» жылы жарияланып, арнайы жұмыс жоспары бекітілген болатын. Жоспар аясында ихсан және насихат, діни оқу-ағарту, дәстүр мен отбасы құндылықтарын нығайту, сондай-ақ жат діни ағымдардың алдын алу бағыттарына басымдық берілген.
Алдағы уақытта аудан тұрғындары арасында ақпараттық-түсіндіру және профилактикалық шаралар өз жалғасын табады.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суретті Жанкелдин ауданы ішкі саясат бөлімі ұсынды
Забота о родном крае, благоустройство и наведение порядка для сельчан давно стали не просто разовыми…
В Карьерном центре Узункольского района состоялась содержательная и по-настоящему полезная встреча с гражданами, состоящими на…
Индивидуальную консультативную работу с участниками провела юрист ОФ «Жанашыр бол» Жасгуль Тогжанова. В ходе личных…
Ұзынкөл ауданында бірегей мәдени-профилактикалық іс-шара – «Заң және тәртіп: жауапкершілік аумағы» атты миға шабуыл әрекетінен…
Сильнее всего выросли цены на пиво — более чем в два раза. Водка и вино…
Новая система будет отводить дождевые и талые воды из микрорайонов Астана и Байтерек. (далее…)
This website uses cookies.