Торғайда елге жанашыр ерікті әкім көпке үлгі

Торғайда ел тыныштығы мен ауыл амандығын бәрінен биік қоятын азаматтар аз емес.

Солардың бірі – Шилі ауылдық округінің әкімі Ербол Досмағанбетов. Табиғаттың тосын мінезі мен тілсіз жауға қарсы күресте халықты бірлікке бастап жүрген азамат бүгінде ел игілігі жолында аянбай еңбек етіп келеді.

Ербол Ғарифоллаұлы 1987 жылы Жангелдин ауданына қарасты Сужарған ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын ұстаздықтан бастап, жас ұрпақ тәрбиесіне үлес қосты. Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтын қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша тәмамдаған. 2009-2018 жылдары мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып, кейін ел басқару ісіне араласты. 2018 жылдан бері Шилі ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келеді.

Ел басқару – зор жауапкершілік. Әсіресе, табиғи апат пен төтенше жағдай кезінде басшының сабырлығы, батылдығы және ұйымдастырушылық қабілеті айқын көрінеді. Ербол Ғарифоллаұлы осындай сын сағаттарда ауыл тұрғындарын ортақ іске жұмылдырып, туған жерді қорғауда әрдайым алдыңғы шептен табылады.

– Өрт айтып келмейді. Кейде найзағай түседі, кейде шөп өздігінен тұтанады. Мал ұстап отырған халық үшін жайылым мен шабындықтың амандығы өте маңызды. Сондықтан ауыл тұрғындары ел мен жерді қорғау үшін өрт сөндіруге өз еріктерімен шығады. Былтыр үлкен өрт болды. Сол кезде ауыл азаматтары бір кісідей жұмылып, техникасы барлар техникасымен, ал өзгелері қолмен көмектесті. Біз екі ауылдан 20 адамнан, жалпы 40 еріктіні алдын ала бекітіп қойғанбыз. Бірақ қажет кезде басқа тұрғындар да бейжай қалмай, өз еріктерімен көмекке келеді, – дейді ауыл әкімі.

Жангелдин ауданы бойынша бүгінде 120 ерікті өрт сөндіруші тіркелген. Олар төтенше жағдай кезінде қауіптің алдын алып, ел тыныштығын сақтау жолында еңбек етіп жүр.

Сонымен қатар, Ербол Ғарифоллаұлының бастамасымен ауыл мектебін сақтап қалу мақсатында оңтүстіктен көпбалалы отбасыларды көшіру жұмыстары қолға алынған. Бұл бастама ауылдағы бала санының артуына, мектептің сақталуына және елді мекеннің әлеуметтік дамуына оң әсерін тигізіп отыр.

Халықпен бірге жүріп, қиын сәтте қолдау көрсету – нағыз азаматқа тән қасиет. Елге жанашырлық пен еріктілік рухты өмірлік ұстанымына айналдырған Ербол Досмағанбетовтің еңбегі көпке үлгі.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ,
Суреттер ауыл әкімінің жеке мұрағатынан алынды

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

В Карасуском районе прошёл День донора

За два дня участниками традиционной акции по забору донорской крови стали 75 человек, пожелавших внести…

8 часов назад

Костанайская область лидирует по уровню цифровизации промышленности в стране

Об этом было завлено на аппаратном совещании акима области. (далее…)

8 часов назад

В Камыстинском районе открыли агроклассы

В Камыстинской средней школе № 1 начали формировать агрокласс, который объединит растениеводство, инженерное дело и…

8 часов назад

Жангелдин ауданында тоғыз ауылда ветеринариялық пункт салынып жатыр

Биыл Жангелдин ауданында мал шаруашылығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ветеринариялық қызметтің қолжетімділігін арттыру бағытында жұмыстар…

9 часов назад

Қамыстыда оқушылар жеміс ағаштарын отырғызды

Қостанай облысында «Менің аулам – менің бағым» жобасы аясында мектеп аулалары жеміс бағына айналып келеді.…

10 часов назад

Жангелдин ауданында үш ауылда медициналық пункт салу жоспарланып отыр

Торғай өңірінде хирург пен фельдшер мамандарына сұраныс бар. Алдағы екі жылда Тәуіш, Көкалат және Ақшығанақ…

10 часов назад

This website uses cookies.