Қостанай облысында «AMANAT» партиясының облыстық филиалы ұйымдастырған мобильді қоғамдық қабылдау Сарыкөл ауданының орталығында және Тәгіл ауылында өтті.
Кездесулерге партияның облыстық филиалының төрағасы Алмат Досмұхамедов, облыстық мәслихат төрағасы Сайлаубек Ещанов, облыстық және аудандық деңгейдегі депутаттар мен басқарма басшылары, сондай-ақ «Халық-Life» акционерлік қоғамының қаржылық кеңесшілері қатысты.
Тәгіл ауылындағы қабылдау барысында тұрғындар ауылдағы мобильді интернет сапасына қатысты өзекті мәселені көтерді.
Ауыл халқының айтуынша, қолданыстағы Tele2 байланыс операторының желісі тұрақсыз әрі әлсіз сигнал береді. Бұл мәселеге байланысты Қостанай облысы Ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы басшысының орынбасары Алексей Костюков түсініктеме берді.
-Қазіргі таңда ауылда Tele2 байланыс операторы жұмыс істеп тұр. Алайда желі сапасы төмен болғандықтан, 2025 жылдың екінші жартысында Beeline операторының базалық станциясы орнатылады», – деді ол.
Ізімен Сарыкөл аудан орталығында өткен қоғамдық қабылдауда да тұрғындар тарапынан бірқатар маңызды мәселелер қозғалды. Атап айтқанда, қаңғыбас иттердің көбеюі жергілікті халықты алаңдатып отырған басты мәселе ретінде аталды. Бұған қоса, жолдардың жағдайы, көше жарығының жетіспеушілігі, елді мекенді газбен қамтамасыз ету секілді ауыл тіршілігіне қатысты мәселелер де көтерілді. Әкімдік пен салалық басқарма өкілдері әрбір сұраққа нақты әрі түсінікті жауап беріп, көтерілген мәселелердің назарда болатынын атап өтті.
Облыстық партия филиалының төрағасы Алмат Досмұхамедов мұндай кездесулердің нәтижелі екендігін атап өтіп, партияның алдағы уақытта да осы бағыттағы жұмысын жалғастыратынын жеткізді.
-Бүгінге дейін 80-нен астам ауыл мен елді мекенде осындай кездесулер өткіздік. Көтерілген мәселелердің басым бөлігі нақты шешімін тапты немесе бақылауға алынды. Тұрғындардың пікірін ескеріп, оларға ашық әрі түсінікті түрде жауап беру — біздің басты мақсатымыз. Алдағы уақытта да халықпен тығыз байланыста болуды, ауылдардың әлеуетін арттыру жолында нақты істер атқаруды жалғастырамыз, — деді ол.
Сарман АЛДИЯР
Суреттерді түсірген автор
Жангелдин ауданында жыл басынан бері қаржылық алаяқтық бойынша бір қылмыстық іс тіркелген. (далее…)
Қамысты ауданында заманауи «Қамысты Арена» дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Жаңа нысанда бүгінде жүзден астам…
Қазақстандық білім беру саласының басымды бағыттарының бірі – инклюзивтік. (далее…)
Как сообщила пресс-служба Департамента полиции, по факту ДТП на автодороге «Костанай — Алматы — Екатеринбург»,…
Первый Международный Сабантуй на Южном Урале объединил традиции, современную культуру и представителей четырёх государств. 13…
В рамках проекта «Профилактика буллинга среди обучающихся школ» состоялись две встречи: в Карасуской центральной библиотеке…
This website uses cookies.