Қамыстылық Александр18 жасынан мал құрығын қолына алды

Александр – Қамысты ауданының тумасы.

Жасы небәрі жиырманың үстінде ғана. Бірақ тірлігіне қарап, оны көптен бері осы кәсіптің ортасында жүрген жан деп ойлайсың. Ол бүгінде «Ренат» шаруа қожалығында 350 бас қой мен 300 ірі қараны бағады. Еңбегі – ауыр, бірақ адал. Күн сайын таңмен таласа тұрып, кешке дейін мал соңында жүреді.

– Басында оңай болған жоқ, – дейді ол бізге қарап. – Таңнан кешке дейін далада жүресің. Бір күні жауын, бір күні аптап. Бірақ үйренесің. Малдың да мінезі болады. Қай уақытта шөлдейтінін, қашан жайылып, қай кезде көлеңке іздейтінін де біліп аласың.

Мал жайылып жүрген ашық жазықтың әр бұрышында Александр көзімен бақылап, ысқырып немесе қолымен бағыттап отырады. Бұл – жай жайылым емес, бұл – тіршілік. Мұнда әр сағат маңызды.

Қойлар тынымсыз қозғалыста. Бір орында тұрмайды, алға тартып, шөптің шүйгінін іздейді. Осы сәтте Александрдың көзі ештеңені қалт жібермейді. Тек малшы ғана түсінетін тыныш, тілсіз қарым-қатынас орнағандай. Бізбен әңгімесін жалғастыра отырып, көзін малдан айырмайды.

– Бұл – менің күнкөрісім ғана емес, өмірлік кәсібім, – дейді ол.

Александрдың еңбек жолы ерте басталған. Бар болғаны 18 жасында қолына таяқ алып, мал соңында жүрген. Қазір бұл тірлікке бейімделіп, өз кәсібінің майталманына айналған.

– Ауылда еңбек етемін деген адамға бәрі табылады. Жалақым жақсы. Қол қусырып отыруға болмайды. Бастысы – ниет пен төзім, – дейді ол.
Шынында да, оның сөзінде үлкен шындық бар. Мал бағу – тек физикалық жұмыс емес, бұл – өмір салты. Табиғатпен тіл табысу, малмен үндесу, әр мезгілдің қиындығына мойымай, еңбек ете білу. Александр осының бәріне төзіп, өз мамандығына адал болып отыр.

Қораға кешке дейін жайылған Қамбар ата түлігі мен ірі қара қайта кіргізіледі. Бұл – күндегі бір сарынды жұмыс. Демалыс деген атымен жоқ.

– Мал қарағанға бітеді, дәулет те сондай. Сондықтан малмен айналысамын деген адам алдымен өте шыдамды болуы керек. Ауруын емдеп, жем-шөбін уақытылы беріп, құнарлы жерге жаю қажет. Қанша көп мал ұстасаңыз, сонша еңбектену керек, – деп түсіндіреді ол.
Ауыл сыртындағы даланың бір бұрышында көк шалғынға жайылып жүрген қойлар мен ірі қара – нағыз қазақ тіршілігінің белгісі. Бұл – ата кәсіп. Александр болса, осы дәстүрдің үзілмей жалғасуына атсалысып жүрген жастардың бірі.

– Қалада жұмыс оңайырақ шығар. Бірақ мен осы кәсіпке үйреніп қалдым. Малдың жай-күйін түсінемін, бауыр басып кеттім. Әрі бұл кәсіп арқылы отбасымды асырап отырмын, – дейді кейіпкеріміз.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

В Карасуском районе прошёл День донора

За два дня участниками традиционной акции по забору донорской крови стали 75 человек, пожелавших внести…

11 часов назад

Костанайская область лидирует по уровню цифровизации промышленности в стране

Об этом было завлено на аппаратном совещании акима области. (далее…)

11 часов назад

В Камыстинском районе открыли агроклассы

В Камыстинской средней школе № 1 начали формировать агрокласс, который объединит растениеводство, инженерное дело и…

11 часов назад

Жангелдин ауданында тоғыз ауылда ветеринариялық пункт салынып жатыр

Биыл Жангелдин ауданында мал шаруашылығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ветеринариялық қызметтің қолжетімділігін арттыру бағытында жұмыстар…

11 часов назад

Қамыстыда оқушылар жеміс ағаштарын отырғызды

Қостанай облысында «Менің аулам – менің бағым» жобасы аясында мектеп аулалары жеміс бағына айналып келеді.…

13 часов назад

Жангелдин ауданында үш ауылда медициналық пункт салу жоспарланып отыр

Торғай өңірінде хирург пен фельдшер мамандарына сұраныс бар. Алдағы екі жылда Тәуіш, Көкалат және Ақшығанақ…

13 часов назад

This website uses cookies.