Қамысты ауданында ветеринариялық және санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ауылдық елді мекендердегі ветеринариялық инфрақұрылымды дамыту бағытында бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылуда.
2026 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен Адаев, Алтынсарин, Бестөбе, Қамысты және Қарабатыр елді мекендерінде 5 мал қорымының құрылысына 123 млн теңге бөлінді. Бүгінде аталған нысандарда құрылыс жұмыстарының негізгі кезеңдері аяқталып, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Жобаларды белгіленген мерзімде пайдалануға беру жоспарланған.
Қамысты ауданының әкімі Ерлан Жаулыбаевтың айтуынша, бұл жобалар ең алдымен ауылдық аумақтардағы санитариялық жағдайды жақсартуға және мал шаруашылығы саласындағы қауіпсіздік талаптарын сақтауға бағытталған.
– Ветеринариялық қауіпсіздік – ауыл шаруашылығы саласының тұрақты дамуының маңызды шарттарының бірі. Мал қорымдарының салынуы биологиялық қалдықтарды қауіпсіз жоюға, қоршаған ортаның ластануына жол бермеуге және елді мекендердегі санитариялық ахуалды жақсартуға мүмкіндік береді. Сондықтан құрылыс жұмыстарының сапалы әрі уақытылы аяқталуы ерекше бақылауда, – дейді аудан әкімі.
Сонымен қатар, ауданда жалпы құны 150 млн теңгені құрайтын 5 модульдік ветеринариялық пункт орнату жоспарланған. Олар да Адаев, Алтынсарин, Бестөбе, Қамысты және Қарабатыр ауылдарында орналасатын болады.
Жаңа ветеринариялық пункттер ауыл шаруашылығы жануарларына уақтылы ветеринариялық көмек көрсетуге, профилактикалық іс-шараларды жүргізуге және жануарлар арасында жұқпалы аурулардың таралуының алдын алуға жағдай жасайды.
Аудан басшысы бұл бағыттағы жұмыстардың маңыздылығына тоқталып, ветеринариялық қызметтің қолжетімділігі мен сапасын арттыру ауыл тұрғындары үшін де, мал шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтар үшін де маңызды екенін атап өтті.
Жалпы, аталған жобалардың жүзеге асырылуы Қамысты ауданындағы ветеринариялық инфрақұрылымды жаңғыртуға, эпизоотиялық тұрақтылықты сақтауға және тұрғындар үшін қауіпсіз санитариялық орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ,
Суретті түсірген – Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ
Эту цифру озвучил аким Костанайской области Кумар Аксакалов на встрече с жителями Узункольского района. (далее…)
Қазақтың қара домбырасын серік етіп, суырыпсалма өнердің биігінен көрінген көрнекті ақын, Қазақстанның халық ақыны Әсия…
Қамысты ауданында бағдарлама аясында жалпы сомасы 68 миллион теңгеге алты жоба қаржыландырылды. Қаражат мал…
На встрече, организованной КСТУ им. З. Алдамжар, представители колледжей и школ, а также специалисты предприятий…
Туған жердің табиғатын түлетуге бағытталған игі бастамаға Құрылтай депутаттары қолдау білдіріп, аудан тұрғындары жаппай атсалысты.…
Главной целью визита стало непосредственное общение с местными жителями, изучение актуальных вопросов и проблем, волнующих…
This website uses cookies.