Қамысты ауданында үйлердің 84 пайызы газға қосылған

Әлеуметтік нысандарды газға көшіру бюджет шығынын қысқартуға мүмкіндік берді.

Қамысты ауданында 1 604 үй табиғи газ пайдаланып отыр. Бұл аудандағы барлық абоненттердің 84,2 пайызы. Қазір көгілдір отын Қамысты, Алтынсарин және Адаев ауылдарына жеткізілген. Ауданда барлығы 1 904 абонент бар. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде аудан әкімі Ерлан Жаулыбаев мәлімдеді.

Соңғы екі жылда ауданда тұрғын үйлермен қатар әлеуметтік және әкімшілік нысандарды да газға көшіру жұмыстары жүргізіліп келеді. Мысалы, газдандыру жобасының сметасын оңтайландыру арқылы бастапқыда 50 миллион теңге жоспарланған қаражатқа бірден үш нысанды газға қосу мүмкін болған. Олар – «Қамысты Арена» сауықтыру-дене шынықтыру орталығы, аудандық Мәдениет үйі және бұрынғы әскери комиссариат ғимараты.

«Көгілдір отынға көшу тек нысандардың жылу жүйесін жаңартуға мүмкіндік беріп отырған жоқ. Сонымен қатар оларды ұстауға кететін шығындарды да азайтуға жағдай жасап отыр», – деді Ерлан Жаулыбаев.

Бұдан бөлек, облыстық бюджеттен бөлінген 30 миллион теңгеге коммуналдық көппәтерлі тұрғын үйлердің газбен жабдықтау жүйесі жөнделген. Осының нәтижесінде қолданыстағы қазандық пайдаланудан шығарылып, «Қамысты» ЖШС-нің отын сатып алуға, қазандықты ұстауға және қызметкерлердің еңбекақысына жұмсайтын шығындары қысқарған. Биыл жергілікті бюджет есебінен ауыл әкімдігі ғимараты да газға қосылды. Жобаның құны – 12 миллион теңге.

Аудан әкімінің айтуынша, газдандыру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады.Негізгі мақсат – тұрғындарды табиғи газбен қамтуды арттырумен қатар, әлеуметтік нысандардың пайдалану шығындарын төмендету.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Торғай өңірі: Қаратүбек мектебінде Республика күніне арналған онкүндік өтуде

Қостанай өңіріндегі Қаратүбек жалпы білім беретін мектебінде 25 қазан – Республика күніне орай осындай тақырыппен…

1 день назад

Национальная одежда помогает карасуским школьникам узнавать историю

Через символы орнамента происходит знакомство с народными традициями и ценностями. (далее…)

1 день назад

Школа в селе Урожайное, что в Сарыкольском районе, неновая, но… удивительная

Смотрится она так, словно её только что «одели в новые одежды». (далее…)

2 дня назад

Қарасу арнаулы әлеуметтік қызметтер орталығының басшысы марапатталды

Елімізде қазан айының соңғы жексенбісінде әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күнін атап өтеді. (далее…)

2 дня назад

This website uses cookies.