Қамыстыдағы шаруашылық астық жинау науқанын жоғары көрсеткішпен аяқтады

Орташа өнімділік гектарына 13 центнер.

Ливанов ауылында орналасқан шаруа қожалығы егін жинау науқанын белгіленген мерзімде аяқтады. Биыл шаруашылықтағы орташа өнімділік гектарына 13 центнерді құрады.

Шаруашылықтың бүгінгі деңгейге жетуінің бір себебі – жылдар бойы қалыптасқан өндірістік базаны сақтап, оны тиімді пайдалану. Мұнда егістік алқаптарымен қатар, ауыл шаруашылығы техникалары, қоймалар, машина-трактор шеберханасы мен механикаландырылған астық қабылдау алаңы жұмыс істейді.

Шаруа қожалығының басшысы Мұрат Әлиев үшін бұл – бір күнде қалыптасқан нәтиже емес. Оның айтуынша, ауыл шаруашылығында тұрақты жетістікке жету үшін техникадан бұрын тәжірибелі мамандардың еңбегі маңызды.

– Бұл – кеңес заманынан бері еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі механизаторлар. Көпшілігі кезінде ауданға механизатор кадрларын даярлаған Бестөбе СПТУ-148 оқу орнын тәмамдаған. Жақсылық Бекпутин – бригадир. Екеуміз еңбек жолымызды бірге бастадық. Оның еңбек өтілі 50 жылға жуықтады. Болатбек Нұрпеисов пен Рашид Смағұлов та ұзақ жылдан бері бірге жұмыс істеп келеді. Олардың жұмысына араласып, күнделікті бақылау жүргізудің қажеті жоқ. Егіс тереңдігі де, тұқым себу мөлшері де, жанар-жағармай шығыны да өз деңгейінде, – дейді Мұрат Әлиев.

Шаруашылықтағы астықты тазалау мен сақтауға да ерекше мән беріледі. Астық бастырылатын орында Михаил Кисель мен Александр Папшев еңбек етеді. Қожалық басшысы олардың жұмысына сенетінін айтады.

Мұнда өндірілген бидайдың тазалығы мен сапасы жоғары болғандықтан, оны кейбір шаруашылықтар тұқымдық материал ретінде де пайдаланады.
Білікті мамандарға сұраныс жоғары. Қыс мезгілінде механизаторлар демалысқа шыққанда, басқа шаруашылықтар тәжірибелі жұмысшыларды өздеріне шақырып жатады. Алайда көпшілігі қалыптасқан ұжымнан кетпейді.

Мұрат Әлиевтің өзі де ауыл шаруашылығынан қол үзуді ойламайды. Зейнет жасына жетсе де, егіншілікпен айналысуды жалғастырып келеді.

– Ауыл шаруашылығындағы, әсіресе егіншіліктегі еңбексіз өз өмірімді елестете алмаймын. Зейнетке шыққанымда да жасымның ұлғайғанын аса сезінбедім. Бұрынғы қарқынмен жұмыс істеп келеміз. Жұмыс – менің өмірім, – дейді ол.

Тәжірибелі ауыл шаруашылығы маманының айтуынша, ауыл шаруашылығында бір маусым аяқталғанымен, жұмыс тоқтамайды. Әр жаңа егін науқаны жерді дайындаудан басталып, тұқым себу, өсімдікке күтім жасау, орақ және келесі маусымға топырақ әзірлеу жұмыстарымен жалғасады.
Шаруа қожалығы мемлекеттік қолдау шараларын да пайдаланады. Аграрлық саладағы субсидиялардың шаруашылықты дамытуға мүмкіндік беретінін айтқан кәсіпкер оларды ауыл шаруашылығы жылының қорытындысы бойынша бөлуді ұсынады.

Оның пікірінше, өсімдік шаруашылығында субсидия өнімділік көрсеткішіне, ал мал шаруашылығында малдың қосқан салмағы мен сауылған сүт көлеміне қарай берілсе, шаруалар қаржыны өз қажеттілігіне тиімді жұмсай алады. Бұл техника жаңартуға, сапалы тұқым мен гербицид сатып алуға мүмкіндік бермек.

Шаруашылық жыл сайын өндірісті дамытуға қаржы салады. Әсіресе тұқым сапасына басымдық беріледі. Тұқымдар зертханалық тексеруден өткізіліп, сорт жаңарту жұмыстары жүргізіледі.
Қазір шаруашылықта негізінен «Омская-36» бидай сорты егіледі. Биыл «Айна» атты жаңа сорт сатып алынған. Алдағы уақытта майлы дақылдардың көлемін арттыру жоспарда бар. Шаруашылық басшысы жергілікті климат жағдайында мақсары мен күнбағыс өсіруге мүмкіндік мол екенін атап өтті.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ,
Суреттерді Мұрат Әлиев жолдады

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Торғай өңірі: Қаратүбек мектебінде Республика күніне арналған онкүндік өтуде

Қостанай өңіріндегі Қаратүбек жалпы білім беретін мектебінде 25 қазан – Республика күніне орай осындай тақырыппен…

2 дня назад

Национальная одежда помогает карасуским школьникам узнавать историю

Через символы орнамента происходит знакомство с народными традициями и ценностями. (далее…)

2 дня назад

Школа в селе Урожайное, что в Сарыкольском районе, неновая, но… удивительная

Смотрится она так, словно её только что «одели в новые одежды». (далее…)

2 дня назад

Қарасу арнаулы әлеуметтік қызметтер орталығының басшысы марапатталды

Елімізде қазан айының соңғы жексенбісінде әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күнін атап өтеді. (далее…)

3 дня назад

This website uses cookies.