Қарабатыр мектебінде жылыжай пайда болды

Оқушылар алғашқы өнімді күтуде

Қамысты ауданына қарасты Қарабатыр ауылындағы мектепте заманауи экологиялық жылыжай іске қосылды. Бүгінде жоба аясында 7-8 сынып оқушылары алғашқы өнімді баптап жатыр.

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында қолға алынған бұл бастама ауыл балалары үшін тың мүмкіндіктерге жол ашты. Жоба Қамысты ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде және «Neco» экологиялық клубы» қоғамдық қорының қолдауымен жүзеге асырылған.

Аудандық бюджет есебінен бөлінген жобаның жалпы құны 600 мың теңгені құрайды. Аумағы 18 шаршы метр болатын шағын ғана жылыжай қазіргі таңда нағыз ғылыми-тәжірибелік алаңға айналған. Мұнда оқушылар биология пәні бойынша тек теория жүзінде емес, өз қолдарымен зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

«Бұл жоба балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, еңбек дағдыларын дамытуға бағытталған. Күн жылына наурыз айында қияр мен қызанақ өсіруді бастауды жоспарлаған болатынбыз. Қазіргі таңда жоспар өз нәтижесін беріп, көктем шыға егілген өнімді оқушылар ерекше қамқорлықпен күтіп-баптауда», – дейді Қарабатыр жалпы білім беретін мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Торғын Ибрагимова.

«Neco» экологиялық клубы» ҚҚ өкілі Наурызбек Бірмағамбетованың айтуынша, бұл тек бір мектеппен шектелетін шара емес. Бүгінде облыстық білім басқармасымен бірлесіп, өңірде 200-ден астам белсенді эко-көшбасшы мен ең белсенді 50 мектептің басын біріктіретін үлкен пул құрылған.

2025 жылдан бастап мектеп аулаларына жылыжай орнату жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қазіргі таңда (2026 жылдың көктемінде) дәл осындай бес жылыжай толықтай іске қосылып, білім беру және тәжірибелік мақсатта сәтті қолданылуда.

Ұйымдастырушылардың ауқымды жоспары бойынша, алдағы уақытта Қостанай облысын еліміздегі экологиялық білім берудің көшбасшысы ету көзделіп отыр. Осы мақсатта келесі бастамаларға қолдау сұралуда. 100 мектеп жылыжайы мен жеміс дақылдарының 100 шағын бағы, 50 ресайклинг (қайта өңдеу) шеберханасы, мектеп эко-белсенділеріне арналған 500 велосипед пен 100 велобок. Сонымен қатар, үздік белсенділерге арналған 10 оқу гранты қарастырылмақ.

Мамандар мектеп қабырғасындағы мұндай эко-тәрбие жас ұрпақтың табиғатты аялауға деген сүйіспеншілігін арттырып, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарайтын саналы буынды қалыптастыруға септігін тигізеді деп сенім білдіруде.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ, сурет Қарабатыр жалпы білім беретін мектебінен алынды

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Карасуские школьники провели новый сезон приключений и познаний

Палаточный стан «Экспедиция» стал ярким досуговым дополнением к уже действующим проектам на базе Железнодорожной школы.…

17 часов назад

Карасуский район стал средоточием для любителей шахматных поединков

Это знаменательное событие проведено по инициативе семьи Турсуновых, которые организовали шахматный турнир как дань памяти…

2 дня назад

Подведены итоги серии районных мероприятий, посвящённых Дню домбры

Напомним, уникальный культпроект стартовал 5 июня во всех городах и районах области. (далее…)

3 дня назад

Садчиковка под прицелом мошенников: почему простые жители отдают кровно заработанные?

Разговор об этом, 9 июля, с представителями разных организаций вели волонтеры фонда «Жанашыр бол». (далее…)

3 дня назад

Члены семьи Танкеновых из села Ленино называют себя командой

Участников республиканского проекта связывают не только родственные узы, но и общее увлечение. (далее…)

3 дня назад

Как рассчитать стоимость ОСАГО без лишних переплат

  Цена ОСАГО зависит от данных водителя, автомобиля, региона и страховой истории, поэтому у разных…

3 дня назад

This website uses cookies.