Шәкірттері Еуропаны бағындырған

Қарабатырлық ауыл мұғалімі қандай марапатқа да лайық

Қамысты ауданында шәкірттері Еуропаны бағындырған ауыл мұғалімі «Білім беру саласының үздігі» төсбелгісіне ұсынылды. Отыз жылдан астам уақыт бойы бір мектепте тапжылмай еңбек етіп келе жатқан ұстаз туралы «Қамысты жаңалықтары» тілшісі хабарлайды.

Кейіпкеріміз – Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Моңғолиядан атамекенге қоныс аударып, ауылда қазақ сыныптарының ашылуына мұрындық болған еңбек адамы.

Бүгінде елімізде қарапайым еңбек адамының беделін арттыру мен олардың ерен еңбегін елеп-ескеруге ерекше көңіл бөлінуде. Осындай нағыз маманның бірі – Қамысты ауданы Қарабатыр ауылындағы Қарабатыр жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Ғарифулла Қиысхан. Оның бұл мектептегі еңбек өтілі — аттай 35 жыл. Ол – мектептегі қазақ бөлімінің Тәуелсіздікпен бірге туып, бірге дамыған тарихының тірі куәгері.

Ғарифулла Қиысхан 1970 жылы Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында педагогтер отбасында дүниеге келген. Әкесі мектепте моңғол тілінен сабақ беріп, оқу ісінің меңгерушісі, кейін ауыл әкімі қызметтерін атқарса, анасы балабақша тәрбиешісі, меңгерушісі және бастауыш сынып мұғалімі болған. Кейіпкеріміздің өзі ұстаздық жолды таңдауын тағдырдың жазуы әрі ата-ана өнегесі деп біледі.

«Мен мұғалімдердің ортасында, мектептің тыныс-тіршілігін көріп өстім. Үйде үнемі дәптер тексеріп, сабаққа дайындалып отыратын әкем мен анама қарап бой түзедім. Сондықтан ба екен, бала күнімнен маған бұл мамандықтан асқан киелі, бұдан асқан маңызды кәсіп жоқтай көрінетін. Бойымдағы ұстаздыққа деген қызығушылық пен жауапкершілікті әкем мен анам санама ерте жастан сіңірді. Шын мәнінде, менің басқа мамандықты таңдауым мүмкін де емес еді. Бұл – біздің әулеттің қанында бар қасиет», — деп бөлісті Ғарифулла Қиысхан.

Әскери борышын өтеп келген жас жігіт 1991 жылы отбасымен бірге тарихи Отанына – Қостанай өңірінің Қарабатыр ауылына көшіп келеді. Сол жылдары ауылда тек орыс тілінде оқытатын мектеп қана бар еді. Жергілікті басшылар мен Ғарифулланың әкесі Қиысхан ақсақалдың араласуымен мектеп жанынан алғаш рет қазақ бастауыш бөлімі ашылады. Сөйтіп, әкесі мектепте директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, анасы Жазихан мен Ғарифулланың өзі алғашқы қазақ сыныптарының мұғалімі болып жұмысқа кіріседі. Осылайша, бір әулет бір ауылдың қазақша білім алу көшін сүйреді.

«Қарабатыр орта мектебінің қазақ бөліміне қазір 35 жыл толды. Бұл бөлім тәуелсіздігіміздің құрдасы десем де болады. Сол кезде кіп-кішкентай бастауыш бөлім болып ашылған сыныптар қазір қанатын кеңге жайып, аудандағы маңдайалды қазақ мектептерінің біріне айналды», – дейді кейіпкеріміз мақтанышпен.

Ауыл мектебінде жүріп-ақ халықаралық деңгейде нәтиже көрсетуге болатынын Ғарифулла Қиысхан іс жүзінде дәлелдеді. Ол заманауи технологияларды өз сабағында шебер қолдана отырып, балалардың тілге деген сүйіспеншілігін оята білді.

1998 жылдан 2008 жылға дейін оның оқушылары ҰБТ-да тұрақты түрде ең жоғары ұпайларды еншілеп, ұстаз жыл сайын аудан әкімінің мақтау қағаздарымен марапатталып отырды. 2015-2017 жылдары қатарынан үш жыл бойы «Аудандық үздік қазақ тілі мұғалімі» атанды. 2021 жылы Чехияда өткен халықаралық балалар шығармашылығына арналған «Шабыт» байқауында тәжірибелі ұстаздың дайындаған шәкірті жүлдегер атанып, ауыл мұғалімінің еңбегі Еуропа сахнасында жоғары бағаланды.

Бүгінде оның отыз жыл ішінде тәрбиелеген шәкірттері еліміздің түкпір-түкпірінде, тіпті шетелде де табысты қызмет етіп жүр. Олардың арасында облыс көлемінде тіл маманы болып жүргендері де, республикалық БАҚ-тарда қалам тербеп жүрген белгілі журналистер де аз емес.

Мектеп қабырғасындағы үзіліссіз 35 жылдық қажырлы еңбегі мен білім саласына қосқан үлесі үшін Ғарифулла Қиысхан 2016 жылы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен, ал 2017 жылы Қостанай облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

Бүгінде ол педагог-зерттеуші, ардақты әке, жарымен бірге екі қыз, бір ұл тәрбиелеп өсірген үлгілі отбасының тірегі. Өз ісіне адал, бүкіл саналы ғұмырын ауыл балаларын ағартуға арнаған ұстаз биыл «Білім беру саласының үздігі» төсбелгісіне ұсынылып отыр. Бұл – мемлекет тарапынан нағыз еңбек адамына көрсетілген шынайы құрмет пен әділ баға болмақ.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ, суреттер кейіпкердің жеке мұрағатынан алынды

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Какбудет выглядеть 11 микрорайон в Рудном после преображения?

С застройкой 11-го микрорайона ознакомились депутаты областного маслихата (далее…)

3 часа назад

«Костанай-Су» выносит на обсуждение изменения в своей инвестиционной программе

Департамент Комитета по регулированию естественных монополий по Костанайской области уведомляет горожан о проведении публичных слушаний…

4 часа назад

В Костанае обновляют общегородские парковки

Дорожная техника уже зашла на участки, где качественного покрытия не было годами, передает "Наш Костанай"…

5 часов назад

В поселке Карабалык заасфальтируют десять площадок под мусорные контейнеры

На портале госзакупок размещен лот на укладку асфальтобетонного покрытия, стоимость работ составит 2 068 000…

8 часов назад

Қарабатыр мектебінде жылыжай пайда болды

Оқушылар алғашқы өнімді күтуде  (далее…)

1 день назад

This website uses cookies.