Қарасулық Мәди Козубаев белсенді өмір салтын ұстанатын еңбекқор жастардың бірі. Биыл Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектептің 10-сыныбын бітіріп, 11-сыныпқа көшті. Бала шәкірт жазғы демалысын босқа өткізбей, тиімді пайдалансам дейді. Сол себепті «Жасыл ел» жасағына қосылып, қатарластарымен бірге жұмыс істеуге бел байлапты.
Қостанай облысында «Жасыл ел» еңбек жасағының бірінші маусымы 1-маусымда ресми басталды. Бүгінде мыңдаған жас жұмыс істеп жатыр. Қарасулық жеткіншектер де қатардан қалмай, туған жерді түлетуге, табиғатын күтіп-ұстауға үлес қосуда. Мәди Козубаев жасақтың қатарына қосылу үшін алғашқылардың бірі болып өтінім тапсырған. Бұл қадам оның алғашқы еңбек тәжірибесі екен.
– Негізі былтыр жұмыс істегім келген. Ол кезде хабарламаны кеш естіп, өтініш жазуға үлгере алмадым. Биыл алдын ала ертерек жазылып қойдым. Сөйтіп жұмысқа орналастым. Бұл жерде бәрі ұнайды. Еш қиындық байқалмайды. Керісінше, көңілді,-дейді Мәди.
Ауданның коммуналдық кәсіпорындары «Жасыл елдіктерге» күн сайын тапсырма жүктеп отырады. Оны еңбек жасағының бригадирі әр топқа бөліп, реттеп, ұйымдастырады. Жасөспірімдер белгіленген уақыт ішінде бекітілген міндеттерін атқарып, үйді-үйлеріне тарқасады. Ал жұмыс уақыты алты сағаттан аспауы тиіс.
– Таңертең 9:00-дан түскі 13:00-ге дейін еңбек етеміз. Саябақтарды, жағажайларды тазалап, қоқыстарын жинап, бағандарды сырлаймыз. Алаңқайлардағы тас төсемдердің үстін тазартамыз. Гүлдер мен көшеттер отырғызуға жер қазып, қажет болса гүл егеміз. Жұмыс қиын емес. Жастар мұнда асқан қызығушылықпен келеді. Уақытымен жалақыларын алады. Бір жағынан ауылымыздың экологиясын сақтауға, құрметтеуге үйренуде,-дейді «Жасыл ел» еңбек жасағының бірінші маусымының бригадирі Мәди Козубаев.
Ұйқы – тынықтырады, еңбек – шынықтырады. Балалар қазір үш ай демалыста не істерін білмей сандалады. Сондай кезде Мәди секілді еңбекке араласып, пайдалы іспен айналысқаны қандай тамаша. Бір жағынан аз-мыз қаражат тауып, екінші жағынан бойын шынықтырады. Еңбек еткен баланың бойы ширақ, ойы ұшқыр келеді.
«Жасыл ел» жасағының ашылу рәсімі 1-маусым күні Қарасу ауылдық әкімдігінің алаңында салтанатты түрде өткенін еске саламыз. Ұйымдастырушысы ауданның Жастар ресурстық орталығы. Алғашқы маусымда 60 адам жұмыс істеуге ынта білдірген. Жоба қатысушылары өлкені абаттандыруға, көгалдандыруға үлес қоспақ. Ал жұмыс режимі еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес белгіленген. Атап айтқанда, 14-15 жастағылар үшін күніне 4 сағат, 16-35 жас аралығындағылар үшін 8 сағаттық жұмыс мерзімі қарастырылған. Аптасына бес күн еңбек етіп, екі күн демалады. Түскі үзіліс кезінде ас ішіп, тынығуға екі сағат беріледі. Ал жалақылары айына 85 мың теңге.
-«Жасыл ел» жасағында еңбек етуге ниетті жастардың қатары көп. Мемлекеттік бағдарламаға қатысушылардың қызығушылығы жыл сайын артуда. Бұл жоба бірінші кезекте жастарды еңбекке баулып, экологиялық мәдениетін дамытуды көздейді. Жазғы демалыс кезінде жұмыспен қамтып, олардың азаматтық ұстанымдарын қалыптастыруға бағытталған,-деп түсіндірді аудандық Жастар ресурстық орталығы директорының міндетін атқарушы Кульсара Едигенова.
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суреттер Жастар ресурстық орталығынан алынды
Об этом на брифинге РСК сообщил аким района Мади Ихтиляпов (далее…)
Құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары туралы Жангелдин аудандық сотының судьясы Нұргүл Сәулен айтып берді (далее…)
Осы жылдың 25 маусымында өңірде дәстүрлі «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауының алғашқы іріктеу кезеңі…
В команде КХ «Буга П.И.» немало настоящих профессионалов, людей, которые искренне любят свою работу и…
Учреждение здравоохранения объявило конкурс на проведение текущего ремонта своих входных зон. На портале государственных закупок…
В последние годы государство уделяет большое значение сохранению лесного фонда области, учитывая те проблемы и…
This website uses cookies.