Нұргүл Сәулен: «Қоғам үнсіз қалмауы тиіс»

Құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары туралы Жангелдин аудандық сотының судьясы Нұргүл Сәулен айтып берді

Елімізде жыл сайын маусым айында атап өтілетін Судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай, Жангелдин аудандық сотының судьясы Нұргүл Сәуленмен арнайы сұқбаттасты. Сұқбат барысында аудандағы заң үстемдігі, лудомания, адам саудасы, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары және дауларды сотсыз шешудің тиімді жолдары талқыланды. Жангелдин ауданында лудомания, адам саудасы және тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері талқыланды. Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар мен құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары туралы Жангелдин аудандық сотының судьясы Нұргүл Сәулен айтып берді.

– Нұргүл ханым, соңғы уақытта елімізде құмар ойындарға тәуелділік мәселесі жиі көтеріліп жүр. Сот тәжірибесінде құмар ойындардың салдарынан туындайтын қылмыстар жиі кездесе ме?

– Иә, өкінішке қарай, сот тәжірибесінде құмар ойындарға (лудоманияға) тәуелділік салдарынан жасалатын құқық бұзушылықтар аз емес. Бұл дерт көбінесе мүліктік қылмыстарға, атап айтқанда, алаяқтыққа, ұрлыққа, үлкен көлемдегі қарыздардың көбеюіне және соның салдарынан туындайтын отбасылық жанжалдарға алып келеді. Лудомания тек адамның өзін ғана емес, оның бүкіл отбасы мен жақындарын материалдық әрі психологиялық тығырыққа тірейді.

– Егер азаматтардың құқығы бұзылса, олар бірінші кезекте қайда жүгінуі керек?

– Құқықтары бұзылған жағдайда азаматтар заң шеңберінде полиция органдарына, прокуратураға, сотқа немесе өзге де уәкілетті мемлекеттік органдарға жүгінуге толық құқылы. Ең бастысы – заңсыздыққа төзбеу.

Ең алдымен, жастар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту керек. Бізге қаржылық және құқықтық сауаттылықты арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау, спорттық және мәдени шараларды дамыту қажет. Құмар ойындардың зияны туралы профилактикалық жұмыстар науқандық емес, жүйелі түрде жүргізілуі тиіс.

– Адам саудасы – жаһандық мәселе. Осындай ауыр қылмыстың құрбаны болған адам не істеуі керек? Мемлекет тарапынан қандай қолдау бар?

– Мұндай жағдайға тап болған азамат дереу полицияға, прокуратураға немесе арнайы сенім телефондарына хабарласуы қажет. Мемлекет тарапынан мұндай жәбірленушілерге толықтай құқықтық, әлеуметтік және психологиялық көмек көрсетіледі.

Қазіргі таңда адам саудасымен айналысатын қылмыстық топтар интернет пен әлеуметтік желілерді өте жиі пайдалана бастады. Жалған жұмысқа орналастыру, шетелде жоғары жалақы уәде ету, еңбек қанауы және түрлі алаяқтық тәсілдері кең таралуда.

Кез келген күмәнді жағдай бойынша полиция органдарына немесе жедел қызметтердің байланыс арналарына хабарлау қажет. Ал алдын алуға келсек: жұмысқа орналасу туралы ұсыныстарды мұқият тексеру, жеке құжаттарды ешқашан бөгде адамдарға бермеу, шетелге шығар алдында жұмыс беруші туралы ақпаратты нақты анықтау қажет. Тек заңды жолмен әрекет ету керек.

–Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты заңнамада соңғы кездері үлкен өзгерістер болды. Бұл бағыттағы жауапкершілік қаншалықты қатаңдатылды?

– Соңғы жылдары бұл бағыттағы заңнамалық шаралар айтарлықтай күшейтілді. Жекелеген құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік қатаңдатылып, жәбірленушілерді қорғаудың жаңа тетіктері жетілдірілді. Мемлекет бұл мәселені жіті бақылауда ұстап отыр.

Жәбірленушілер полицияға жүгінуге, арнайы қорғау нұсқамасын алуға, заңгерлік және психологиялық көмек алуға құқылы. Қажет болған жағдайда олар дағдарыс орталықтарына орналастырылады. Ал зорлық-зомбылықтың ең жиі кездесетін түрлеріне – физикалық, психологиялық, экономикалық және эмоционалдық қысымдар жатады. Көп жағдайда бұған қорқыныш, агрессорға материалдық тұрғыдан тәуелділік, отбасының бұзылуынан қауіптену себеп болады. Сондай-ақ «жұрт не айтады» деген қоғамдық пікірден қысылу және құқықтық сауаттың жеткіліксіздігі де кедергі болып жатады.

– Мұндайда отбасындағы балалардың күйі не болмақ? Проблеманы шешуде қоғамның рөлі қандай?

– Отбасындағы зорлық-зомбылықтың куәсі болған балалар өте ауыр психологиялық жарақат алады. Бұл олардың тәрбиесіне, мінез-құлқына және болашақ өміріне тікелей теріс әсер етеді. Сондықтан қоғам зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруы тиіс. Жәбірленушілерді кінәламай, оларға қолдау көрсету және құқықтық сауаттылықты арттыруға атсалысу – бәрімізге ортақ іс.

– Қазіргі уақытта дауларды сотқа жеткізбей шешудің тиімді жолы ретінде медиация жиі айтылады. Қандай дауларды медиациямен шешуге болады және оның соттан айырмашылығы неде?

– Медиация арқылы отбасылық, еңбек, азаматтық-құқықтық, мүліктік және өзге де дауларды тараптардың өзара келісімі негізінде шешуге болады. Оның басты айырмашылығы – медиация еріктілік қағидатына негізделеді. Бұл жерде шешімді судья шығармайды, тараптардың өздері медиатордың көмегімен екі жаққа да тиімді ортақ мәмілеге келеді.

Қазіргі уақытта медиация ауылдық жерлерде де біртіндеп дамып, танымалдылығы артып келеді. Бұл институт көптеген дауларды үлкен сот процесіне жеткізбей, ауыл арасында-ақ бейбіт шешуге үлкен мүмкіндік беруде. Медиатор ашық әрі сындарлы диалог орнатуға көмектеседі. Ол уақыт пен қаражатты үнемдеуге, ең бастысы – ағайын мен тараптар арасындағы адамгершілік қарым-қатынасты сақтап қалуға септігін тигізеді.

– Сот жүйесінің ашықтығы мен халық сенімін арттыру бағытында қандай жаңашылдықтар бар?

– Сот жүйесіне заманауи цифрлық технологиялар, онлайн сервистер кеңінен енгізілді. Қазір кез келген азамат үйінен шықпай-ақ сот процесіне қатыса алады. Сот отырыстарының ашықтығы толық қамтамасыз етіліп, азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігі едәуір артты.

Тұрғындарға заңнамадағы өзгерістерді үнемі бақылап отыруды, тек ресми ақпарат көздеріне сенуді және қажет болған жағдайда кәсіби заңгерлерден кеңес алуды ұсынамын.

Ең бастысы – заңды сақтау, өзгелердің құқықтарын құрметтеу, белсенді азаматтық ұстаным таныту және айналамыздағы құқық бұзушылықтарға бейжай қарамау керек. Құқық бұзушылықтың алдын алу – әр азаматтың міндеті әрі қауіпсіз қоғам құрудың басты кепілі.

– Сұқбатыңызға рақмет!

Сұқбаттасқан – Шұға АҢСАҒАНҚЫЗЫ

Сурет кейіпкердің жеке мұрағатынан алынды

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Доходы бюджета Наурзумского района перевыполнены почти на 50%

Об этом на брифинге РСК сообщил аким района Мади Ихтиляпов (далее…)

4 минуты назад

Қарасуда «Жасыл ел» жасағы өз жұмысын бастады

Қарасулық Мәди Козубаев белсенді өмір салтын ұстанатын еңбекқор жастардың бірі. Биыл Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім…

2 часа назад

Қамыстылық Сағидуллиндер отбасы аудандық кезеңде бақ сынайды

Осы жылдың 25 маусымында өңірде дәстүрлі «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауының алғашқы іріктеу кезеңі…

6 часов назад

Для механизатора наурзумского КХ «Буга П.И.» Юрия Протасова его профессия стала делом всей жизни

В команде КХ «Буга П.И.» немало настоящих профессионалов, людей, которые искренне любят свою работу и…

22 часа назад

Денисовская районная больница обновит входные группы

Учреждение здравоохранения объявило конкурс на проведение текущего ремонта своих входных зон. На портале государственных закупок…

23 часа назад

Новые лесопожарные станции и техника: как в Узункольском районе усиливают защиту лесов от пожаров

В последние годы государство уделяет большое значение сохранению лесного фонда области, учитывая те проблемы и…

23 часа назад

This website uses cookies.