7 сәуір күні “Аққозы қажы” орталық мешітіне ұрпақтарының демеушілігімен арнайы тапсырыспен сапалы кілем алынып, жамағат залы жаңартылды
Бас имамның бастамасымен қолға алынған бұл сауапты іске Қаратай Кәкімұлы ақсақал балалары – Асылбек, Темірхан, Шоентай және Мұрат Өтемісовтармен бірге мұрындық болды. Алланың үйіне үнемі көмек беріп жүретін, бүгінде осындай қайырымы көп сауапты іске ұйытқы болған жомарт жандарға мешіттің бас имамы Асылхан қажы Түсіпбек алғыс білдіреді.
– Алдындағы кілем көп уақыттан бері қолданыста болды. Намаз оқитын кілемнің таза болғаны дұрыс. Сол себепті Рамазан айында жаңа кілемді мешітке төсеу жоспарымызда бар еді. Міне, Алланың қалауымен демеушілік танытқан Аққозы қажы ұрпақтарының арқасында мешітімізге жаңа кілем төселді. Алла ол кісілерге разы болсын! – дейді Асылхан қажы Мұханбетжанұлы.
Иә, Алланың берген ризығын оның жердегі үйіне жұмсаған пендеге мейірімді Алланың өзі табысының берекесін береді. Олай болса, біз де Өтемісовтар әулетінің Алланың разылығы үшін жасаған ісі еселене берсін деп тілейміз!
Жалпы, олардың осындай игі істерінен ертеңгі буын тәлім алары сөзсіз.
Руслан ӘЛКЕЕВ
За два дня участниками традиционной акции по забору донорской крови стали 75 человек, пожелавших внести…
Об этом было завлено на аппаратном совещании акима области. (далее…)
В Камыстинской средней школе № 1 начали формировать агрокласс, который объединит растениеводство, инженерное дело и…
Биыл Жангелдин ауданында мал шаруашылығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ветеринариялық қызметтің қолжетімділігін арттыру бағытында жұмыстар…
Қостанай облысында «Менің аулам – менің бағым» жобасы аясында мектеп аулалары жеміс бағына айналып келеді.…
Торғай өңірінде хирург пен фельдшер мамандарына сұраныс бар. Алдағы екі жылда Тәуіш, Көкалат және Ақшығанақ…
This website uses cookies.