Бүгін Сарыкөл ауданына облыс әкімі Құмар Ақсақалов жұмыс сапарымен келді

Алдымен, ол 710 адам тұратын іргелес жатқан Тәгіл ауылына барды.

Бұл жерде биыл хоккей корты салынған болатын. Оның жалпы аумағы 1296 шаршы метр, сыйымдылығы 100 адамды қамтиды. Оны салуға бюджет қаражаты есебінен 21,9 млн.теңге жұмсалған.

Сонымен қатар, «Сатаев» шаруа қожалығы құны 4 млн. теңге тұратын электр жылытқышы бар жылы киім ауыстыратын бөлме салып берді.

Одан кейін аймақ басшысы«Сатаев Б.Х.» ауыл шаруашылығы кәсіпорнының тұқым шаруашылығының өнім тұқымын өндіру кешеніне барды.

Бұл тұқым зертханасы бар астық қоймасы 2023 жылы пайдалануға берілді. Қуаттылығы – сағатына 5 тонна тұқымды, айналымы – 100 тонна тауарлы астықты қамтиды. Бұл нысанның арқасында 10 жұмыс орны ашылды. Жалпы, жобаның құны 800 миллион теңгені құрайды.


Бұдан кейін облыс әкімі Тәгіл ауылының кәсіпкерлерімен және Сарыкөл ауданының тұрғындарымен кездесті.

-Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді ауылдағы инфрақұрылымдарды дамытуға ерекше шақырамын. Әлеуметтік жауапкершілік және ауылдағы өмір сүру жағдайларын жақсарту бизнес үшін басымдыққа айналуы тиіс, – деді Құмар Іргебайұлы.

Сонымен қатар, ол жергілікті биліктің елді мекендерді аббаттандыру және “Таза Қазақстан” бағдарламасын іске асыру жұмысына көңілі толмайтынын жеткізді.
Кездесу барысында тұрғындардың сауалдарына жауап берілді.

Руслан ӘЛКЕЕВ
Суреттер облыстық БАҚ өкілдерінен алынды

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Қамысты ауданында 397 тұрғын еріктілер қатарына қосылды

Жайылма жерінде жыл басынан бері 30-дан астам экологиялық акция ұйымдастырылып, «Жасыл Ел» бағдарламасы аясында 75…

2 часа назад

В Карасу прошёл футбольный турнир памяти детского тренера Марата Нургалиева.

Юные футболисты прославляют имя спортивного наставника своими достижениями. (далее…)

7 часов назад

Қамыстыда спортқа серпін берілді

Бұқаралық спортты дамыту, тұрғындардың денсаулығын нығайту және жастарды салауатты өмір салтына баулу – Қамысты ауданындағы…

7 часов назад

В Костанайской области восстанавливают популяцию куланов и лошадей Пржевальского

В государственном природном резервате «Алтын Дала», расположенном в Амангельдинском и Джангельдинском районах Костанайской области, продолжается…

9 часов назад

В Карасуском районе прошёл День донора

За два дня участниками традиционной акции по забору донорской крови стали 75 человек, пожелавших внести…

1 день назад

This website uses cookies.