Денисов ауданындағы Арыстансор темір жол станциясында таң алакеуімнен жұмыс қыза түседі.
Сан тағдырды әр арнаға бастайтын өмір жолындай рельстер шартарапқа құйқылжиды. Алыс сапардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жол монтерлері іске кіріседі. Болат темірдің сырын олардан артық кім білсін?
Арыстансор станциясының жол шебері Қайрат Жалғасов қызметіне шынайы берілген жан. Темір жол саласында 22 жылдан бері еңбек етіп келеді. Покров ауылының тумасы.
2004 – 2005 жылдар шамасында Хромтау – Алтынсарин бағытында темір жол желісі ашылды. Жаңа тармақ Покров ауылы арқылы өтетін. Екі ортаға алғашқы темір жол пойызы жүре бастаған уақытта жұмысшылардың қажеттілігі анық сезілді. Жергілікті тұрғындар жаңа жұмыс орнын жатсынбай бірден іске кіріседі. Шаруаға икемі бар, елгезектері қызметке алынады. Олардың арасында Қайрат аға да болды. Кейіпкеріміздің жауапты мамандықты игерудегі алғашқы қадамы осылай басталған еді. Ал бүгінде Покров ауылының талай қыз-жігіттері теміржолдан несібесін тауып жүр.
-Алдымен жол монтері болып жұмыс істедім. 2007 жылы Павлодардағы оқу орталығын темір жол шебері мамандығы бойынша аяқтап, кәсіби біліктілігімді жетілдірдім. 2008 жылы 1-сәуірде Арыстансор станциясында темір жол шебері ретінде қызметке кірістім. Темір жол монтері мамандығы өзіме ұнайды. Монтер – темір жолдың негізі. Жол саламыз, қажеттілігіне қарай жөндейміз, төрт мезгіл күтіп ұстап, ақауын анықтап, қалпына келтіреміз. Қозғалыс қауіпсіздігін қадағалау – біздің негізгі міндетіміз,-деді ол.
Қайрат Жалғасовтың жанұясын теміржолшылар династиясы десек жарасымды. Өйткені ол кісінің ұлы Железорудный станциясында басшының орынбасары, күйеуі баласы Б.Майлин станциясында еңбек етуде. Бір үйден үш адамның бір салада қызмет етуі мамандыққа деген адалдық жарқын көрінісі. Қайрат аға қызметіне шынайы берілгені сонша ешқашан басқа салаға ауысуды ойламапты.
«Мамандығымды ауыстыруға тырысқан емеспін. Бұрын станция кезекшісі, вагон қызметкері, жолсерік болуға ұсыныс түсті. Алайда, мен жолдағы жұмысымды алмастырғым келмеді. Себебі атқарып жүрген шаруам өзіме ұнайды. Жалақысы тұрақты. Еңбекақыны уақытында төлейді. Біз кез-келген ауа райына қарамастан жұмыс істейміз. Жазда аптап ыстыққа күйіп, қыста суыққа тоңып, күзде жауын-шашынмен арпалыса жүріп дегендей. Онсыз болмайды. Пойыздардың біздің аумақтан кедергісіз, тосқауылсыз, қауіпсіз өтуін қамтамасыз етеміз. Қаншама жүк, қаншама жолаушыны аман-сау шығарып салу керек. Халқымызда «Жол мұраты жету» деген асыл сөз бекер айтылмаған. Біздің қызметіміздің мәні осында,-дейді теміржолшы.
Жүрдек пойыз тоқтай салысымен темірлерді тарсылдатып, тексеріп, қарап жүретін жұмысшылар есіңізге түсті ме? Мінекей, сол кісілер жол шеберлері. Ал монтерлер ондаған, жүздеген шақырымдарды жаяу жүріп өтіп, рельстердің бүтіндігін қарап шығады. Еңбекқор жандардың арқасында сіз бен біздің сапарымыз сәтті, көңіліміз жайлы.
Қарап отырсақ, темір жолшыларға асқан жоғары жауапкершілігі артылады екен. Сол міндетті абыроймен орындап жүрген Қайрат ағамыз ұжымында талай мәрте алғыс хат, мақтау қағаздарымен марапатталыпты. Қызығы мен қиындығы қатар өрілген мамандықты баласының таңдап, әке ізін жалғастырғанына өкінбейтінін айтты. «Әкеге қарап ұл өсер» дегеніңіз осы шығар.
Бүгінде Қайрат Жалғасов әріптестері арасында сый-құрметке ие, тәжірибелі маман. Отбасында ардақты әке, қамқор ата. Ұл-қызынан алты немере сүйіп отыр.
Жыл сайын тамыз айының алғашқы жексенбісінде елімізде теміржол көлігі қызметкерлерінің күні атап өтіледі. Кәсіби мереке теміржолшылардың еңбегін құрметтеу үшін күнтізбеге бекітілген.
Қымбат ДОСЖАНОВА
Сурет кейіпкердің мұрағатынан
Жаңа нысан заманауи талаптарға толық сай келеді деп күтілуде. (далее…)
Заместитель председателя правления АО «Аграрная кредитная корпорация» Айдын Доскараев не скупится на эпитеты по поводу…
Ауыл медицинасында еңбек еткеніне қырық жыл. (далее…)
Астана мен Батысты жалғайтын тарихи жол құрылысы Шеген ауылына дейінгі аралықта жүріп жатыр. (далее…)
Мероприятие прошло в рамках проекта «Государственный социальный заказ услуг по организации работы в рамках ресоциализации…
30 июля сотрудники ОФ «Жанашыр бол» и представитель правоохранительных органов лейтенант полиции Манарбек Амитов встретились…
This website uses cookies.