Татулық пен бірліктің нышаны сезілді.
“Айғожин” көшесінің тұрғындары ауызбіршіліктің арқасында Ұлыстың ұлы күнін ұлықтады. Олар бір үйдің баласындай ұйымшылдықпен қазақтың көне салт — дәстүрлерін қайта жаңғыртты. Әдеп ғұрыпты насихаттап, өскелең ұрпақтың санасына үлгі өнегені сіңірді. Кимешек киген ақ жаулықты әжелер мен иықтарына оюлы шапан жапқан батагөй аталар мерекенің көркіне сән берді. Дәстүрлі үрдісті жалғаған көше тұрғындары көпшіліктің алғысына бөленді.
Мерекелік шара Қыдыр атаның ақ батасымен бастау алды. Аудан әкімі Шота Оспанов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қарсақбай Бірмағанбетов, спорт ардагері Ербатыр Рахатов көше тұрғындарын Наурыз мейрамымен құттықтап, жылы лебіздерін жеткізді. Көше өнерпаздары ән салып, биші қыздар мың бұралып би биледі. Ақбоз киіз үйдің алдында жер ошақта, қара қазан, самауыр сақылдап қайнап жатты. Қазақы ауылдың исі аңқыған кеш қыза түсті.
“Біздің мақсатымыз көше тұрғындарының ынтымақ, береке, бірлігін нығайту. Осы шараның өткізу үшін көп дайындалдық. Тұрғындардың бірлігінің арқасында барлығы сәтті болды. Алдағы жылы осы дәстүрді басқа көшелер жалғастырса жақсы болар еді”, — дейді ұйымдастырушы Жұпаркүл Хамзина.
Шағын спорт алаңында қазақтың ұлттық спортынан жарыс өтті.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Об этом сегодня, 18 марта, в ходе инспектирования медицинского объекта сказал аким области Кумар Аксакалов.…
Когда село пустеет, а статус административной единицы упраздняется, на торги выставляются последние свидетельства былой жизни…
Ұзынкөл ауданында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі әлеуметтік жобасы аясында кезекті кездесу өтті. (далее…)
«Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», - деп бекер айтылмаса керек. (далее…)
Соответствующие данные опубликовали на сайте Управления ветеринарии региона. (далее…)
25 ақпан мен 2 наурыз аралығында Қызылорда қаласында 2012 жылы туған қыздар арасында бокстан Қазақстан…
This website uses cookies.