Меңдіқара ауданының тұрғыны Құмар Утетлеуов 15 жыл бойы күзетші қызметінде адал қызмет атқаруда

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялаған болатын.

Бүгін біз нағыз еңбектің қазанында қайнап, елге адал қызмет етіп жүрген Құмар Утетлеуов жайлы сыр шертпекпіз.

Құмар Қозыбайұлы 1972 жылы  аудан орталығы Боровское ауылында дүниеге келген. Мектеп қабырғасын аяқтағаннан кейін кейіпкеріміз қазіргі Камшат Дөненбаева атындағы Боровской кәсіптік-техникалық колледжін дәнекерлеуші мамандығы бойынша жақсы нәтижемен аяқтап, еңбек жолына ерте араласқан. Ата-анадан көрген тәлім-тәрбиенің арқасында нағыз еңбектің тілін түсініп, бала кезінен шаруаға бейім өскен ағамыз бүгінде нағыз еңбек адамына айналған.

-Мен Меңдіқара өңірінде дүниге келіп, өз туған жерімде өсіп-өнудемін. Қазіргі күні «Балауса» бөбекжайында күзетші қызметінде 15 жылдан астам уақыт бойы жұмыс жасаймын. Бала кезімізден ата-анамыз үй, дала шаруасына бейімдеп, бізді еңбекке ерте баулыды. Біріміз үй шаруасын орындасақ, біріміз аула сыпырып, мал шаруашылығымен айналысатынбыз. Ата-анадан көрген тәлім-тәрбиенің арқасында бүгінде бәріміз кез келген шаруаға икемді, епті болғанбыз. Әр кез  еңбекті басты рөлге қойып, бала кезімізден жұмыс таңдамай еңбек етудеміз, -дейді Құмар Утетлеуов

Еңбек адамы ағаш шаруашылығының да қыр-сырын жетік меңгерген. Ағаш кесу саласында 18 жыл адал қызмет атқарған. Кейіннен аудан орталығында орналасқан бөбекжайға күзетші қызметіне орналасып, бүгінде сол орында адал қызмет атқаруда.

– 15 жылдан астам уақыт бойы бөбекжайда күзетші қызметіндемін. Бұған дейін ауданымызда орналасқан кәсіптік-техникалық колледжде күзетші қызметін атқардым. Жұмысым өзіме ұнайды. Әр дайым жауапкершілік пен адал қызмет атқару мен үшін басты орында. Адал тапқан наның әр дайым тәтті ғой,- дейді кейіпкеріміз

Құмар Қозыбайұлы жұбайы Разия Сапаржанқызымен 1995 жылы отасып, бүгінде 2 баланың ардақты ата-анасы.

– Жолдасым шаруаға өте епті, қолынан бәрі келеді десем артық айтпаған болармын. Күнделікті күйбең тіршілікте, үй шаруасында ер адамның қолы әр кез керек қой. Әр дайым жанымнан табылып, қолынан келгенше бар көмекті аямайды. Біз жұмысшы жалдап, бір нәрсе жасату дегенді білмейді екенбіз. Себебі, күйеуімнің қолы шебер. Барлық жұмысты өзі айналдырып кете береді. Бүгінде ер жетіп қалған ұлымыз бар. Әр дайым әкесінің соңынан ере жүріп, бар шаруаның қыр-сырын үйренуде. Күйеуім әр дайым асты адалынан тауып, елге адал қызмет етіп жүрген азамат, – дейді жары Разия Утетлеуова

Ақжан Байтұрсынова

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Новая поликлиника в селе Заречное откроется уже в ближайшие два месяца

Об этом сегодня, 18 марта, в ходе инспектирования медицинского объекта сказал аким области Кумар Аксакалов.…

18 часов назад

Школу в селе Кусакан в Костанайской области продали

Когда село пустеет, а статус административной единицы упраздняется, на торги выставляются последние свидетельства былой жизни…

18 часов назад

Ұзынкөл ауданында пробация қызметі тізіміндегілердің әлеуметтік қолдауы жалғасуда

Ұзынкөл ауданында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі әлеуметтік жобасы аясында кезекті кездесу өтті. (далее…)

1 день назад

Меңдіқаралық тұрғын Гүлжан Нұрмұхамбетова – өз шаңырағының шырағы

«Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», - деп бекер айтылмаса керек. (далее…)

2 дня назад

Почти 2 миллиона сельхозживотных вакцинировано от ящура в Костанайской области в 2025 году

Соответствующие данные опубликовали на сайте Управления ветеринарии региона. (далее…)

2 дня назад

Меңдіқаралық боксшы Амина Сапарбаева Қазақстан чемпионатының жүлдегері

25 ақпан мен 2 наурыз аралығында Қызылорда қаласында 2012 жылы туған қыздар арасында  бокстан Қазақстан…

2 дня назад

This website uses cookies.