Меңдіқара ауданында асық ату мен бес асық спорты қарқынды дамып келеді.
Боровское ауылында 2014–2015 жылдары туған жасөспірімдер арасында Қостанай облысының чемпионаты өтіп, жеті командадан 60-тан астам спортшы бақ сынады.
Жарысқа Қостанай, Әулиекөл, Қарасу, Наурызым, Денисов аудандары, Рудный қаласы және Меңдіқара ауданының өкілдері қатысты. Меңдіқараның намысын 16 спортшы қорғады. Жас асықшыларды жаттықтырушылар Рыспай Үмбетов пен Ғабит Абдуллин дайындап келеді.
Меңдіқаралық қыздар бес асықтан да жақсы нәтижеге қол жеткізді. Классикалық ойында Арайлым Төлеген – 2-орын, Айлин Еркебұлан мен Махаббат Мұхамбетғалиева – 3-орын алды. Блиц форматында Арайлым Төлеген 1-орын, Махаббат Мұхамбетғалиева 3-орын иеленді.
Ауданда асық ойынын дамытуға да көңіл бөлінуде. 2023 жылы мектепте үйірме ашылып, кейін Балалар және жасөспірімдер шығармашылық үйінде «Алтын асық» әдістемелік орталығы құрылды. Қазір ауданның 8 мектебінде 100-ден астам оқушы асық ату спортымен тұрақты айналысады.
«Асық ойыны баланы жинақылыққа, дәлдікке және сабырлылыққа тәрбиелейді. Бүгінгі балалардың спортқа деген ынтасы қуантады», – дейді жаттықтырушы Рыспай Үмбетов.
Ұлттық спортқа қызығушылықтың артуы – жас ұрпақтың дәстүрлі ойынға бет бұрып келе жатқанын көрсетеді. Ал мамандардың мақсаты – Меңдіқарадан ел чемпиондарымен қатар Азия және әлемдік деңгейдегі спортшыларды тәрбиелеу.
Айтолқын ӘБДІЛДА
Суреттерді аудандық спорт бөлімі ұсынды
Здесь с рабочим визитом побывал вице-министр искусственного интеллекта и цифрового развития Республики Казахстан Досжан Мусалиев.…
Есть люди, рядом с которыми мир становится ярче. (далее…)
Тяга к прекрасному заложена в каждом из нас. Неслучайно 9 сентября во всем мире отмечают…
Жеті баланың әкесі техникадан түрлі көлік құрастырады. (далее…)
Әлеуметтік нысандарды газға көшіру бюджет шығынын қысқартуға мүмкіндік берді. (далее…)
Қарасу ауданының пара спортшылары мүгедектігі бар азаматтар арасындағы VI облыстық спорт фестивалінде сәтті өнер көрсетті.…
This website uses cookies.